Жамбыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
2026 жылғы «1» наурызға тағайындалған Жамбыл ауданы
Тоғызтарау ауылдық округі әкімінің сайлауына тіркелген кандидаттың кандидатурасын алып тастау туралы хабарламасы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-6-бабының 1-тармағына сәйкес Жамбыл ауданы Тоғызтарау ауылдық округі әкімінің сайлауына тіркелген кандидаттың 2026 жылғы 25 ақпандағы өз кандидатурасын алып тастау туралы берген жазбаша өтініші негізінде Жамбыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы келесі кандидатты тіркеу туралы шешімінің күшін жойды:
Жамбыл ауданы Тоғызтарау ауылдық округі әкімі сайлауына тіркелген кандидат – Сәдір Нұрсейіт Әсетұлы, 1997 жылы туған, Жамбыл ауданы әкімі аппаратының бас инспекторы, Ерназар ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
Жамбыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының Тоғызтарау ауылдық округі әкімдігіне тіркелген кандидаттың кандидатурасын алып тастау туралы 2026 жылғы 25 ақпандағы хаттамасы облыстық сайлау комиссиясына жолданды.
Жамбыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы