Хабарландыру
«Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 242-бабына сәйкес Жамбыл облысы Жамбыл ауданы аумағында орналасқан жер учаскесін иесіз жылжымайтын мүлік деп тану туралы хабарлайды.
Жер учаскесі туралы мәліметтер:
Жер пайдаланушы: «Cogenhan» (Когенхан) жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
Жер пайдалану мақсаты: қуаты 100 мВт күн электр стансасының құрылысын жүргізу үшін;
Жалпы көлемі – 300,75 гектар;
Кадастрлық нөмірі – 06-088-086-176;
Орналасқан жері – Жамбыл облысы Жамбыл ауданы, Бесағаш ауылдық округі аумағындағы «Түрксіб» мемлекеттік жер қоры;
Жер санаты – өнеркәсіп, көлік, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік, ядролық қауіпсіздік аймағы мұқтажына арналған жерлер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлер.
Осы хабарландыру ықтимал құқық иелерін және мүдделі тұлғаларды хабардар ету мақсатында жарияланады.
Мүдделі тұлғалар аталған жер учаскесіне қатысты құқықтарды белгілеу үшін осы хабарландыру жарияланған күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде Жамбыл ауданы әкімдігіне төмендегі мекенжай бойынша жүгінуі қажет:
Мекенжайы: Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Аса ауылы, Абай көшесі, №127 үй.
Байланыс үшін: Тел.: 8 (747) 806-36-07, 8 (72633) 2-13-53
E-mail: zemasa2025@bk.ru