|
Жамбыл облысы Жамбыл аудандық Мәслихат аппараты 2020 жылғы 25 маусымдағы № 64-3 |
|
1 |
|
|
|
|
Жамбыл аудандық мәслихатының
«___»________ 2020 жылғы
№____ шешіміне
№1 қосымша
Жамбыл ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізуге арналған арнайы орындар, арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар
1) жиналыс пен митинг өткізу орыны: Жамбыл ауданы, Аса ауылдық округі, Аса ауылы, Абай көшесі №102 үй, аудандық мәдениет үйі.
2) Жамбыл ауданында шерулер мен демонстрациялар өткізу маршруты: Жамбыл ауданы, Аса ауылдық округі, Аса ауылы, Абай көшесі №22, Жамбыл адуаны әкімдігінің ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен бастап орталық алаңға дейін.
1) аудан әкімдігі бейбіт жиналысты ұйымдастыру және өткізу кезінде бейбіт жиналысты ұйымдастыру және өткізуге жұмылдырылған ұйымдардың қызметін үйлестіру үшін тұрақты түрде жұмыс істейтін жедел штаб құрады. Жедел штабтың құрамына жергілікті полиция қызметі, азаматтық қорғау органдары өкілдері, бейбіт жиналысты ұйымдастырушы (бұдан әрі - ұйымдастырушы) кіреді. Жедел штабты аудан әкімдігінің уәкілетті өкілі басқарады;
2) ұйымдастырушы бейбіт жиналысты ұйымдастыру және өткізу тәртібін регламенттейтін қатысушылардың жүріс-тұрыс қағидаларын азаматтар үшін жалпыға қолжетімді жерге орналастырады, қоғамдық тәртіпті сақтауды, қатысушылардың қауіпсіздігін, өрт және санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздігін, жазатайым оқиғалар кезінде алғашқы медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз ететін шараларды және төтенше жағдайлар туындаған кезде эвакуациялау тәртібін көздейді;
3) ұйымдастырушы жергілікті полиция қызметімен бірлесіп, жедел штабты басқару пунктінің, жергілікті полиция қызметінің және жедел жәрдемнің қызметтік автокөлігі, сондай-ақ резерві тұрағының орналасатын жерін айқындайды;
4) жергілікті полиция қызметі бейбіт жиналыс басталуынан екі тәулік бұрын қоғамдық тәртіп сақтауды, жол және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жұмылдырылған күш пен құралдарды орналастыру жоспарын бекітеді.
5) Жамбыл ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушылар мен қатысушылар Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңындағы көзделген міндеттермен тыйымдарды қатаң сақтауға міндетті.
а / в = с;
а – бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындардың аумағы (шаршы метр);
в – бейбіт жиналыстарға қатысатын әрбір азаматқа қарастырылған шекті норма (1,5 шаршы метр);
с - бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындардың шекті толу нормасы (бейбіт жиналысқа қатысатын адамдардың шекті саны).
Жамбыл аудандық мәслихатының
«___»________ 2020 жылғы
№____ шешіміне
№2 қосымша
Бейбіт жиналыстарды және шерулерді өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық қамтамасыз ету
|
№ р/н |
Арнайы орынның атауы |
материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі |
Шекті толу нормалары |
|
1. |
Жамбыл аудандық мәдениет үйінің алды |
Жер учаскесінің көлемі - 1750 шаршы метр; - жасанды жарықтандыру -4; электр энергиясын қосу нүктесі -1; - бейнебақылау камералары және бейне жазбалар орнатылған -2; - тұрақ орындары -2 кіру, 2 шығу. |
500 адам |
|
2. |
Аса ауылы, Абай көшесі, 22 үй Жамбыл ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен бастап орталық алаңға дейін |
- Маршруттың ұзындығы 1 шақырым 900 метр; - маршрут бойында көшелер жарықтандырылған; - бейнебақылау камералары және бейне жазбалар орнатылған. |
500 адам |
Жамбыл аудандық мәслихатының
«___»________ 2020 жылғы
№____ шешіміне
№3 қосымша
Пикеттеуді өткізу тәртібі
Пикеттеу – қоғамдық маңызы бар мәселелер және (немесе) адамдардың және (немесе) органдардың, ұйымдардың әрекеттері (әрекетсіздігі) бойынша пікірін жария білдіру мақсатында Қазақстан Республикасының бір азаматының белгілі бір жерде, белгілі бір уақытта болуы.
Пикеттеуді:
1) жаппай жерлеу орындарында;
2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда;
3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтарда;
4) қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтарда;
5) магистральдық теміржол желілерінде, магистральдық құбыржолдарда, ұлттық электр желісінде, магистральдық байланыс желілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда өткізуге тыйым салынады.
Пикеттеу барысында:
1) оны тек бір азамат тұрақты түрде, яғни қозғалыссыз жүргізуіне;
2) плакаттарды, транспаранттар мен өзге де көрнекі үгіт құралдарын пайдалануға;
3) бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды қоспағанда, бір жерде, бір уақытта бір объектіде бір күнде екі сағаттан астырмай жүргізілуіне жол беріледі.
Пикеттеу барысында:
1) бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды қоспағанда, бір жерде, бір уақытта бір объектіде екі және одан көп пикеттерді өткізуге;
2) дыбыс күшейткіш құралдарды пайдалануға;
3) пикеттеуге тыйым салынған іргелес нысан аумағынан 150 метр қашықтықта пикеттеу жүргізуге жол берілмейді.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі
________ облысының/қаласының Әділет департаменті
Нормативтік құқықтық акті 26.06.2020
Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік
тіркеудің тізіліміне № 4642 болып енгізілді
Результаты согласования
Аппарат Маслихата Жамбылского района Жамбылской области - Руководитель аппарата Жамбылского районного маслихата Серик Амангельдиевич Спатов, 25.06.2020 16:27:02, ЭЦҚ тексерудің оң нәтижесі
Аппарат Маслихата Жамбылского района Жамбылской области - Секретарь маслихата Жамбылского района Рустем Алишевич Бегалиев, 25.06.2020 16:27:57, ЭЦҚ тексерудің оң нәтижесі
Аппарат Маслихата Жамбылского района Жамбылской области - Председатель сессии Данияр Султанович Жузанов, 25.06.2020 16:29:02, ЭЦҚ тексерудің оң нәтижесі
Департамент юстиции Жамбылской области - Заместитель руководителя Шынгис Жумабаевич Айнакулов, 25.06.2020 17:44:24, ЭЦҚ тексерудің оң нәтижесі