Мемекеттік қызметтердің есебі

Жамбыл ауданының жергілікті атқарушы органдардың

2025 жылы 4 тоқсанда көрсетілген мемлекеттік қызметтердің қысқаша есебі

 

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес Жамбыл ауданының жергілікті атқарушы органдарымен (ары қарай ЖАО) 52 мемлекеттік қызмет түрі бойынша (кіші түрмен қосқанда 97 мемлекеттік қызмет) көрсетіледі. 2025 жылы                 4 тоқсанында көрсетілген қызметтің жалпы саны – 1360.

Оның ішінде:

  • электронды түрде – 1055 қызмет (77%);
  • баламалы түрде – 117 қызмет (15%)

-         қағаз түрінде – 188 қызмет (8%). 

2025 жылдың 4 тоқсанында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментімен «ХҚКО ЫАЖ Мониторинг» жүйесінен алынған мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтерге аудан бойынша және ЖАО тарапынан мерзім бұзу фактілері орын алмады.

2025 жылдың 4 тоқсанында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына шағым түспеген.

2025 жылда 4 тоқсанында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласына қатысты біліктілігін арттыру курстарынан 8 мемлекеттік қызметкерлер өткен.

 

Ішкі бақылау жұмыстары бойынша

2025 жылға 4 тоқсанында ішінде ЖАО ішкі бақылау іс шарасы бекітілген жоспарға сәйкес, есептік мерзімде ішкі бақылау жұмыстары жүргізіліп, 2 жергілікті атқарушы орган қамтылды. (Тоғызтарау ауылдық округі әкімі аппараты және аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі )

Бақылау барысында 27 заң бұзушылықтар орын алған.

Аталған бөлімге анықталған заңбұзушылықтарды жою мақсатында ұсыныс әзірленіп жолданды.

 

 

Ішкі байқау іс-шаралары бойынша

        «Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының                       2016 жылғы 08 желтоқсандағы №78 бұйрығына сәйкес,                 2025 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнама талаптарының сақталуына 1 мекемеге ішкі байқау жүргізілді. (Өрнек ауылдық округі әкімі аппараты)

Жүргізілген ішкі байқау іс-шараларының нәтижесі бойынша заңбұзушылықтар анықталмады.

 

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша түсіндірме іс-шаралар жоспарына сәйкес:

 

2025 жылдың 4 тоқсанында мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша 202 түсіндірме іс-шараларын (насихаттау, семинар-кеңестер, БАҚ-та жариялау, бейнероликтер) жүргізіліп және де қоғамдық кеңестің мүшелерімен алдағы отырыста ұйымдастырылатын болады.

        Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша түсіндірме іс-шаралар жоспарына сәйкес, аудан әкімдігімен көрсетілетін қызметтерді алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы хабардар болуын қамтамасыз ету, мемлекеттік қызмет көрсетулер процестерін оңтайландыру мен автоматтандыру, электронды қызмет түрлері бойынша, мемлекеттік қызметтерге қол жетімділікті арттыру, халықты ақпараттандыру мақсатында аудан әкімі аппаратының сайтында және БАҚ-та тұрақты түрде хабарландыру үшін тиісті жұмыстар жүргізілуде.

 

Дата публикации
29 января 2026