Жамбыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
ХАБАРЫ
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 6-тармақшасына, 22-бабына және
2024 жылғы 8 желтоқсанға тағайындалған Жамбыл облыстық мәслихатының шығып қалған депутаттарының орнына сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарының 1-тармағына сәйкес, Жамбыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы аумақтық және округтік сайлау комиссиялары орналасқан жерлері, сайлау округтерінің шекаралары туралы хабарлайды:
Жамбыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
орналасқан жері
Аса ауылы, Абай көшесі №102, Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Аудандық мәдениет үйі» КМҚК ғимараты.
Жамбыл облыстық мәслихаты депутатын сайлау жөніндегі
№9 округтік сайлау комиссиясы
Комиссияның орналасқан жері: Жамбыл ауданы, Аса ауылы, Абай көшесі №22, Жамбыл ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресусртық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Шекаралары: Жамбыл ауданы №148, 149, 150, 151, 155, 164, 166, 167, 168, 171, 172, 173, 174, 175, 176, 471 сайлау учаскелерінің шекаралары кіреді, сайлау учаскелерінің жалпы саны – 16 (он алты).
Границы: входят границы избирательных участков № 148, 149, 150, 151, 155, 164, 166, 167, 168, 171, 172, 173, 174, 175, 176, 471 Жамбылсого района, общее количество избирательных участков – 16 (шестнадцать).