№9 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Жамбыл облыстық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлауды тағайындау туралы

№9 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша

Жамбыл облыстық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлауды тағайындау туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 2-3) тармақшасына, 101-бабының
1-тармағының 4) тармақшасына, 3-1 және 6-тармақтарына сәйкес
Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. №9 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Жамбыл облыстық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлау
    2025 жылғы 26 қазанға тағайындалсын.
  2. Кандидаттарды ұсыну мерзімі 2025 жылғы 27 тамыздан 25 қыркүйекке дейін, кандидаттарды тіркеу мерзімі 2025 жылғы 30 қыркүйекке дейін белгіленсін.
  3. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, 2025 жылғы 26 қазанға тағайындалған Жамбыл облыстық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілсін.
  4. Осы қаулы облыстық «AQ JOL» газетінде жариялансын және Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырсын.

 

 

Төраға                                                               С. Айдапкелов

 

 Хатшы                                                              А. Боранбаев

 

 

Тараз қаласы

2025 жылғы 27 тамыз

№13

Дата публикации
01 сентября 2025