Діни ахуал: тұрақтылық пен сенім негізі

Мемлекет пен дін арасындағы өзара сыйластық пен үйлесімділік қоғамның тұрақты дамуына негіз болады. Халықтың мемлекетке де, дінге де сеніммен қарауы – еліміздің діни ахуалын тұрақтандыруда маңызды рөл атқарады. Бүгінде діни сана – елді біріктіретін, ұлттық мәдениет пен дәстүрдің рухани тірегі ретінде көрініс табуда.

Жамбыл ауданында қазіргі таңда 26 мешіт ресми тіркеуден өткен. Барлық мешіттерде діни қызметкерлер жұмыс атқаруда. Бұл – тұрғындардың діни қажеттіліктерін өтеу мен сауатын арттыруда маңызды алғышарт.

Қазақстан Республикасының 2024-2028 жылдарға арналған дін саласындағы мемлекеттік саясаты тұжырымдамасын іске асыру мақсатында ауданда ақпараттық-түсіндіру жұмыстары белсенді жүргізілуде. Осы мақсатта аудандық ақпараттық-түсіндіру тобы құрылған. Оның құрамында 10 адам болса, соның екеуі – кәсіби дінтанушы және теолог мамандар. Сонымен қатар, бұл топқа ішкі саясат бөлімінің өкілі, діни бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйымдардың мүшелері, этно-мәдени бірлестіктер мен ардагерлер кеңесінің өкілдері және облыстық «Дін проблемаларын зерттеу орталығының» Жамбыл ауданы бойынша инспекторы кірген.

Әрбір ауылдық округте де осындай мобильдік топтар құрылып, жоспарлы түрде жұмыс атқаруда. Топ құрамында ауылдық округ әкімдігінің мамандары, ауыл имамдары, тарих пәнінің мұғалімдері, этно-мәдени бірлестіктер мен ардагерлер кеңесінің белсенділері бар.

2025 жылдың басынан бері түрлі форматтағы іс-шараларға 5 мыңнан астам тұрғын қатысып, 13 тақырыптық билборд орнатылған. Сонымен қатар, басқа діни көзқараста болған 7 азамат оңалту шараларынан өтіп, облыстық дін проблемаларын зерттеу орталығына арнайы хат жолданған.

Бұл шаралар діни тұрақтылықты қамтамасыз етуге және халық арасында дұрыс діни сана қалыптастыруға бағытталған.

Дата публикации
30 июля 2025