2025 жылдың 6 айының қортындысымен негізгі көрсеткіштерінің орындалуы

 

Өнеркәсіп, сауда саласы бойынша көрсеткіштер.

     

 

2025 жылдың қаңтар-маусым айында аудандағы өнеркәсіп саласында жалпы 26 382,1 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстарғанда 103,8% құрады.

 

2025 жылдың қаңтар-маусым айында бөлшек сауда тауар айналымы 9 379,5 млн. теңгені құрап, 2024 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі  127,1 % құрады.

 

Көтерме сауда айналымының көлемі 10 429,5 млн. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі  216,7 % құрады.

 

 

Шағын және орта бизнес субьектілері бойынша

 

 

2025 жылдың қаңтар-маусым айында ауданда 6837 кәсіпкерлік субьектісі тіркелді. Оның ішінде (Жеке кәсіпкерлер - 3747, шаруа қожалықтар - 2851, заңды тұлға - 239)

 

Жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субьектілерінің саны - 6012 құрады. (Жеке кәсіпкерлер - 3205, шаруа қожалықтар - 2608, заңды тұлға - 199)

 

 

Негізгі капиталға салынатын инвестиция бойынша

 

Қаңтар-маусым айында 19 765,7 млрд.теңге инвестиция салынып, өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 272,3%-ға орындалды.

Дата публикации
22 июля 2025