Жамбыл ауданының 2025 жылдың 6 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы

2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында Жамбыл ауданында ауыл шаруашылығы саласында 2 602 агроқұрылым жұмыс істеді. Өнім көлемі 9,1 млрд теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 82,2%-ға төмендеді. Өсімдік шаруашылығы бойынша өнім көлемі 115,9 млн теңгеге дейін азайса, мал шаруашылығы 8,8 млрд теңгені құрады.

52 076 га жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Бидай, арпа, картоп және көкөніс жинау науқаны жалғасуда. Сонымен қатар, пайдаланылмай жатқан 4 108 га жер мемлекет меншігіне қайтарылып, 1 948 га жер қайта айналымға енгізілді.

Ауданда 4 980 тонна өнім сақтайтын 8 көкөніс қоймасы және 15 жылыжай бар. 6 айда 62 дана ауыл шаруашылық техникасы сатып алынды. Құрылыс көлемі 5,6 млрд теңгені құрап, НКИ 92,1% болды.

Негізгі капиталға салынған инвестициялар 19,8 млрд теңгеге жетіп, 165,3%-ды құрады. Сауда айналымы айтарлықтай өсті: бөлшек сауда – 9,4 млрд теңге (116,8%), көтерме сауда – 10,4 млрд теңге (162,5%). Орташа жалақы көлемі 279 636 теңгеге жетті.

Дата публикации
22 июля 2025