2025 ж. ІІ тоқсан: Жамбыл ауданындағы мемлекеттік қызметтер көрсетілімі

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес Жамбыл ауданының жергілікті атқарушы органдарымен (ары қарай ЖАО) 52 мемлекеттік қызмет түрі бойынша (кіші түрмен қосқанда 96 мемлекеттік қызмет) көрсетіледі. 2025 жылы ІІ тоқсанда көрсетілген қызметтің жалпы саны - 3721.

Оның ішінде:

- электронды түрде -3005 қызмет.

- қағаз түрінде 716 қызмет.

О.і.: аудан әкімінің аппаратымен 2 қызмет, аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен-18 қызмет, сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімімен-3 қызмет, ауыл шаруашылығы бөлімімен-3 қызмет, жер қатынастары бөлімімен 6 қызмет, тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімімен-3 қызмет, экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімімен-1 қызмет, спорт бөлімімен - 1 қызмет көрсетілген, ауылдық округтер арқылы 5 қызмет көрсетілген.

2025 жылдың 6 айында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментімен «ХҚКО ЫАЖ Мониторинг» жүйесінен алынған мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтерге аудан бойынша және ЖАО тарапынан мерзім бұзу фактілері орын алмады.

2025 жылдың 6 айында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына шағым түспеген.

2025 жылда 6 айында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласына қатысты біліктілігін арттыру курстарынан өткен мемлекеттік қызметкерлер жоқ.

 

Ішкі бақылау жұмыстары бойынша

2025 жылға ІІ тоқсанға ЖАО ішкі бақылау іс шарасы бекітілген жоспарға сәйкес, есептік мерзімде ішкі бақылау жұмыстары жүргізіліп, 2 жергілікті атқарушы орган қамтылды. (Аудан әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі, ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі )

Бақылау барысында 131 заң бұзушылықтар орын алған.

Орын алған заң бұзушылықтарға жол берген жауапты маманға «ескерту» түріндегі тәртіптік шарасы берілді.

Аталған бөлімге анықталған заңбұзушылықтарды жою мақсатында ұсыныс әзірленіп жолданды.

 

Ішкі байқау іс-шаралары бойынша

        «Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының                       2016 жылғы 08 желтоқсандағы №78 бұйрығына сәйкес, 2025 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы ішкі байқау жоспарына сәйкес заңнама талаптарының сақталуына ішкі байқау жүргізілді. (Аудан әкімдігінің сәулет, қала құрылыс және құрылыс бөлімі және аудан әкімдігінің ауыл шаурашылығы бөлімдері)

Жүргізілген ішкі байқау іс-шараларының нәтижесі бойынша 38 заңбұзушылыққа жол берілгендігі анықталды. Орын алған заң бұзушылықтарға жол берген жауапты маманға «ескерту» түріндегі тәртіптік шарасы берілді.

Аталған бөлімге анықталған заңбұзушылықтарды жою мақсатында ұсыныс әзірленіп жолданды.

 

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша түсіндірме іс-шаралар жоспарына сәйкес:

 

2025 жылдың 6 айында мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша 94 түсіндірме іс-шараларын (насихаттау, семинар-кеңестер, БАҚ-та жариялау, бейнероликтер) жүргізіліп және де қоғамдық кеңестің мүшелерімен алдағы отырыста ұйымдастырылатын болады.

        Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша түсіндірме іс-шаралар жоспарына сәйкес, аудан әкімдігімен көрсетілетін қызметтерді алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы хабардар болуын қамтамасыз ету, мемлекеттік қызмет көрсетулер процестерін оңтайландыру мен автоматтандыру, электронды қызмет түрлері бойынша, мемлекеттік қызметтерге қол жетімділікті арттыру, халықты ақпараттандыру мақсатында аудан әкімі аппаратының сайтында және БАҚ-та тұрақты түрде хабарландыру үшін тиісті жұмыстар жүргізілуде.

 

Дата публикации
22 июля 2025