Көлқайнар ауылдық округі тұрғындарының ұсынысы бойынша іс-шаралар жоспары орындалуда

Жамбыл ауданы әкімі мен Көлқайнар ауылдық округі тұрғындарының кездесуінде спорттық инфрақұрылымды дамыту мәселесі көтерілді. Ауыл тұрғындары стритворкаут құрылысын салуды сұрады.

Бұл ұсынысты жүзеге асыру мақсатында арнайы іс-шаралар жоспары бекітілді. Жоспар бойынша жұмыс тұрақты түрде жүргізіліп, аралық ақпарат тоқсан сайын аудан әкімі аппаратына ұсынылады.

Жауапты орындаушылар ретінде аудан әкімінің орынбасары М. Досымбекова, аудан әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі, сондай-ақ Колкайнар ауылдық округінің әкімі белгіленді.

Стритворкаут алаңын салу тұрғындардың спортпен айналысуына қолайлы жағдай жасауға және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған маңызды шара болып табылады.

Дата публикации
21 июля 2025