Жамбыл ауданы әкімімен Қарасу ауылдық округі тұрғындарының кездесуі барысында Ащыбулак ауылының А. Әлімбаев көшесіне жарықтандыру жүргізу туралы маңызды ұсыныс айтылды.
Бұл мәселені шешу мақсатында арнайы іс-шаралар жоспары бекітілді. Жоспарды орындауды қамтамасыз ету үшін жауапты тұлғалар ретінде аудан әкімінің орынбасары Н. Несіпбеков, аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, сондай-ақ Қарасу ауылдық округінің әкімі белгіленді.
Іс-шаралар жоспары тұрақты түрде орындалып, оның барысы туралы аралық ақпарат тоқсан сайын аудан әкімі аппаратына ұсынылады. Бұл шаралар ауыл тұрғындарының қауіпсіздігі мен жайлы өмір сүру жағдайларын жақсартуға бағытталған.
Аудан әкімдігі жергілікті тұрғындардың ұсыныстары мен талаптарын жүйелі түрде қарастырып, инфрақұрылымды дамытуға күш салуда.