Өткен аптада аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес, Айшабибі ауылдық округінің әкімі Қаратау ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесу барысында тұрғындар өзекті мәселелерді көтеріп, ауылды дамытуға қатысты бірқатар нақты ұсыныстарын ортаға салды. Халықтың көтерген мәселелері арнайы іс-шаралар жоспарына енгізіліп, орындалуын бақылау мақсатында жауапты тұлғалар бекітілді.
Атап айтқанда, Қаратау ауылы тұрғындары Арын көшесіне жарықтандыру орнатуды сұрады. Бұл мәселе бойынша аудан әкімінің орынбасары Н.Несіпбеков, аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, сондай-ақ Айшабибі ауылдық округінің әкімдігі жауапты болып белгіленді. Жұмыс тоқсан сайын ақпарат ұсыну арқылы тұрақты түрде жүргізілмек.
Сондай-ақ тұрғындар Айшабибі-Қаратау бағытындағы аудандық маңызы бар жолдың жөнделуін талап етті. Аталған ұсыныс та іс-шаралар жоспарына енгізіліп, жауапты мекемелерге тапсырмалар жүктелді. Бұл жұмыстар да тоқсан сайын аудан әкімі аппаратына аралық ақпарат жолдау арқылы бақыланып отырады.
Әкімдік тарапынан халықтың өтініштеріне дер кезінде назар аударылып, орындалуы қатаң бақылауда болмақ. Бұл – жергілікті биліктің тұрғындармен ашық әрі тиімді кері байланыс орнатуға ұмтылысын көрсетеді.
Аудан әкімінің аппараты бекіткен іс-шаралар жоспары Қаратау ауылының дамуына серпін беріп, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған нақты қадамдардың бірі болмақ.