Көше атауларын беру туралы (Қостөбе)

Жергілікті қоғамдастық мүшелері мен көше тұрғындары жиналысының

№01 ХАТТАМАСЫ

 

Қостөбе ауылы                                                                            16 маусым 2025 жыл

                                                                                                

 Жиналыс төрағасы: А.Конаров-

Көлқайнар ауылдық округі әкімі;

  Жиналыс хатшысы: Д.Әбдіқалықов-

 Көлқайнар  ауылдық округі  әкімі    

 аппаратының  бас  маман-іс жүргізушісі.

Қатысқандар:Жергілікті қоғамдастық мүшелері-3 адам;

көше тұрғындары-8 адам.

 

КҮН ТӘРТІБІНДЕ:

Көлқайнар ауылдық округінің Қостөбе ауылындағы жаңа көшесін Әзизбек Тілеубаев көшесі деп қайта атау беру туралы.

 

Тыңдалды:А. Конаров - Көлқайнар ауылдық округі әкімі: «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің                        2023 жылғы 1 тамыздағы №211 бұйрығына сәйкес бүгін Көлқайнар ауылдық округінің Қостөбе ауылындағы жаңа көшесін Әзизбек Тілеубаев көшесі деп қайта атау беру туралы түскен ұсыныс бойынша халықтың пікірін ескеруге жиналып отырмыз. Бұдан бұрын да осы мәселе бойынша бірнеше рет бас қосулар өткізіліп, аудандық баспаларда мақалалар жарияланған болатын. Өз ой-пікірлеріңізді ортаға салуды сұраймын.

Сөйлеген:Д. Абдулаева - Қостөбе ауылындағы жаңа көше тұрғыны: Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай, ел қорғаны болған ардагерлердің есімдерін ұрпақтар арасында мәңгілікке сақтап қалу мақсатында Қостөбе ауылындағы жаңа көшеге Әзизбек Тілеубаевтың есімін қайта атау беру туралы ұсынысты толықтай қолдаймын және барлықтарыңызды осы ұсынысты қолдауға шақырамын.

Сөйлегендер: Б. Усибалиев, Д. Рахманкулов - көше тұрғындары: Қостөбе ауылының жаңа көшесінде тұратын тұрғындар ретінде Ұлы Жеңістің             80 жылдығына орай Отан үшін жанын қиған ардагерлердің есімдерін ұрпақ жадында мәңгілікке қалдыру мақсатында жаңа көшеге Әзизбек Тілеубаевтың есімін беру туралы ұсынысты толық қолдаймыз. Бұл бастаманың тарихи және тәрбиелік маңызы зор деп есептейміз және баршаңызды осы игі ұсынысты келісім берулеріңізді сұраймыз.

Сөйлегендер:Т. Тілеубердиев, Т. Құлсеріков, Қ. Бекбауов - жергілікті қоғамдастық мүшелері: Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Отан үшін ерлік көрсеткен ардагерлердің есімін ұрпақ жадында мәңгі қалдыру мақсатында жаңа көшеге Әзизбек Тілеубаевтың есімін беру туралы ұсынысты қолдаймыз.

Сөйлеген: А. Конаров - Көлқайнар ауылдық округі әкімі: «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің             2023 жылғы 1 тамыздағы №211 бұйрығына сәйкес Көлқайнар ауылдық округінің Қостөбе ауылындағы жаңа көшесін Әзизбек Тілеубаев көшесі деп қайта атау беру туралы тиісті халықтың пікірін ескеру мақсатында ашық дауысқа саламыз.

Қолдағандар: 10 адам;

Қарсы болғандар: 1 адам;

Қалыс қалғандар: жоқ.

Көлқайнар ауылдық округінің Қостөбе ауылындағы жаңа көшесін Әзизбек Тілеубаев көшесі деп қайта атау беру туралы ұсыныс көпшілік дауыспен қолдау тапты.

 

ЖИНАЛЫС ШЕШІМІ:

  1. Көлқайнар ауылдық округінің Қостөбе ауылындағы жаңа көшесін Әзизбек Тілеубаев көшесі деп қайта атау берілсін.
  2. Осы ұсыныс аумақ халқының пікірін ескерудің қорытындысына сәйкес, жергілікті өкілді және атқарушы орган тарапынан бірлескен шешімімен тиісті облыстық ономастика комиссиясының қарауына ұсынылсын.

 

Жиналыс төрағасы                                                                         А. Конаров

 

Жиналыс хатшысы                                                                 Д. Әбдіқалықов

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
25 июня 2025