Көше атауларын беру туралы (Аса)

Жергілікті қоғамдастық мүшелері жиналысының

№1  ХАТТАМАСЫ

 

Аса ауылы                                                                                  16 маусым 2025 жыл

 

 

Жиналыс төрағасы: Т. Булекбаев-

Аса ауылдық округінің әкімі;

Жиналыс хатшысы: Е. Бозымбеков-

Аса ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы;

 

Қатысқандар: жергілікті қоғамдастық мүшелері;

Барлығы: 11 адам.

 

КҮН ТӘРТІБІНДЕ:

          Аса ауылдық округінің Аса ауылындағы жаңа құрылыс 1-көшесін Әсет Кемпіреков, жаңа құрылыс 2-көшесін Райымбек Тілепов көшесі деп атаулар беру туралы.

 

          Тыңдалды: Т. Булекбаев – Аса ауылдық округінің әкімі: «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің 2023 жылғы 1 тамыздағы №211 бұйрығына сәйкес бүгін Аса ауылындағы жаңа құрылыс 1-көшесін Әсет Кемпіреков көшесі, жаңа құрылыс 2-көшесін Райымбек Тілепов көшесі деп атаулар беру туралы түскен ұсыныстар бойынша халықтың пікірін ескеруге жиналып отырмыз. Бұдан бұрында осы мәселе бойынша бірнеше рет бас қосулар өткізілген болатын. Осыған орай өз пікірлеріңізді ортаға салуды сұраймын.

          Сөйлеген: Д. Исаев - Аса ауылының тұрғыны, жергілікті қоғамдастық мүшесі: жаңа құрылыс 1-көшесін Әсет Кемпіреков көшесі, жаңа құрылыс             2-көшесін Райымбек Тілепов көшесі деп атаулар беру туралы ұсыныстар дұрыс деп санаймын. Өйткені, бұл кісілердің осы өңірге сіңірген еңбектерін ел біледі және өз басым куәмін.

          Сөйлеген: М. Нуралиев - Аса ауылының тұрғыны, жергілікті қоғамдастық мүшесі: жаңа құрылыс 1-көшесін Әсет Кемпіреков көшесі, жаңа құрылыс 2-көшесін Райымбек Тілепов көшесі деп атауына толықтай келісемін. Ол кісілердің елге сіңген еңбектерін талай өзім көргенмін сондықтан толық көлемде өз келісімімді беремін және ауыл тұрғындарыда осы пікірде деген сенімім мол.

Сөйлеген: Т. Омаров - Аса ауылының тұрғыны, жергілікті қоғамдастық мүшесі: Осы орайда менде өз пікірімді ортаға сала кетсем деген ойдамын. жаңа құрылыс 1-көшесін Әсет Кемпіреков көшесі, жаңа құрылыс 2-көшесін Райымбек Тілепов көшесі деп атаулар беру бұл өте орынды ұсыныстар деген пікірдемін және қолдаймын.

Сөйлеген: Т. Булекбаев – Аса ауылдық округінің әкімі: «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің 2023 жылғы 1 тамыздағы №211 бұйрығына сәйкес Аса ауылындағы жаңа құрылыс 1-көшесін Әсет Кемпіреков көшесі, жаңа құрылыс 2-көшесін Райымбек Тілепов көшесі деп атаулар беру туралы түскен ұсыныстар бойынша халықтың пікірін ескере отырып ашық дауысқа саламыз.

Қолдағандар: 9 адам;

Қарсы болғандар: 1 адам;

Қалыс қалғандар: 1 адам.

          Аса ауылындағы жаңа құрылыс 1-көшесін Әсет Кемпіреков көшесі, жаңа құрылыс 2-көшесін Райымбек Тілепов көшесі деп атаулар беру туралы ұсыныстар қолдау тапты.

 

ЖИНАЛЫС ШЕШІМІ:

1.Аса ауылындағы жаңа құрылыс 1-көшесін Әсет Кемпіреков көшесі, жаңа құрылыс 2-көшесін Райымбек Тілепов көшесі деп атаулар берілсін.

2.Осы ұсыныс аумақ халқының пікірін ескерудің қортындысына сәйкес, жергілікті өкілді және атқарушы орган тарапынан бірлескен шешімімен тиісті обылыстық онамастика комиссиясының қаралуына ұсынылсын.

 

 

Жаналыс төрағасы                                                                            Т. Булекбаев

 

Жиналыс хатшысы                                                                       Е. Бозымбеков

 

 

 

Дата публикации
25 июня 2025