ЖОБА
Жамбыл аудандық мәслихатының құрамынан
депутаттарды шығару туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабы 12)-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы заңының 5-бабы 7-тармақшасына сәйкес және «Жамбыл облысы Тараз қаласының бас жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 29 қаңтардағы №44 қаулысының негізінде Жамбыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Жамбыл ауданының шекарасы өзгеруіне және №10,12 бірмандаттық аумақтық сайлау округтері Тараз қаласына өтуіне байланысты, осы сайлау округтерінен сайланған депутаттар Эльмира Рустемовна Бегалиева және
Шахан Куанышович Байкенжеев, Жамбыл аудандық мәслихатының құрамынан шағарылсын.
- Депутаттарға тапсырылған мәслихат депутатының куәлігі және белгіленген үлгідегі омырауға тағатын белгі қайтарылып алынсын.
- Осы қаулы Жамбыл аудандық мәслихатына және Тараз қалалық аумақтық сайлау комиссиясына жіберілсін.
- Осы қаулы Жамбыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсына орналастырылсын.
Төраға орынбасары Б. Калшымбетов
Хатшы А. Косембаева