Мемлекеттік қызметтер бойынша есеп

Жамбыл ауданының жергілікті атқарушы органдардың

2025 жылы бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша І тоқсанның қысқаша есебі

 

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес Жамбыл ауданының жергілікті атқарушы органдарымен (ары қарай ЖАО) 52 мемлекеттік қызмет түрі бойынша (кіші түрмен қосқанда 96 мемлекеттік қызмет) көрсетіледі. 2025 жылы І тоқсанда көрсетілген қызметтің жалпы саны 393.

Оның ішінде:

- электронды түрде есеп жинақталуда.

- қағаз түрінде 393 қызмет.

О.і.: аудан әкімінің аппаратымен 2 қызмет, аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен-18 қызмет, сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімімен-3 қызмет, ауыл шаруашылығы бөлімімен-3 қызмет, жер қатынастары бөлімімен 6 қызмет, тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімімен-3 қызмет, экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімімен-1 қызмет, спорт бөлімімен - 1 қызмет көрсетілген, ауылдық округтер арқылы 5 қызмет көрсетілген.

2025 жылға мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына шағым түспеген.

2025 жылда мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласына қатысты біліктілігін арттыру курстарынан өткен мемлекеттік қызметкерлер саны-0.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментімен «ХҚКО ЫАЖ Мониторинг» жүйесінен алынған мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтерге аудан бойынша                     2025 жылдың І тоқсанында  мерзім бұзу фактісі орын алмады.

Ішкі бақылау жұмыстары бойынша

2025 жылға І тоқсанға ЖАО ішкі бақылау іс шарасы бекітілген жоспарға сәйкес, есептік мерзімде ішкі бақылау жұмыстары жүргізіліп, 1 жергілікті атқарушы орган қамтылды. (Аудан әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі)

Бақылау барысында 130 заң бұзушылықтар орын алған.

Орын алған заң бұзушылықтарға жол берген жауапты маманға «ескерту» түріндегі тәртіптік шарасы берілді.

 

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша түсіндірме іс-шаралар жоспарына сәйкес:

2025 жылы І тоқсанға мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша 44 түсіндірме іс-шаралары (насихаттау-21, БАҚ-та жариялау-6, әлеуметтік желілерде-17) жүргізіліп, ұйымдастырылды.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша түсіндірме іс-шаралар жоспарына сәйкес, аудан әкімдігімен көрсетілетін қызметтерді алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы хабардар болуын қамтамасыз ету, аудан әкімінің жанынан құралған қоғамдық кеңеспен сонымен қатар мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына ішкі бақылау жүргізудің 2025 жылға арналған іс-шаралар жоспарлары бекітіліп, мемлекеттік қызмет көрсетулер процестерін оңтайландыру мен автоматтандыру, электронды қызмет түрлері бойынша, мемлекеттік қызметтерге қол жетімділікті арттыру, халықты ақпараттандыру мақсатында аудан әкімі аппаратының сайтында, ауыл және ауылдық округі әкімі аппараты мен аудан әкімдігінің бөлімдерінің ресми сайттарына тұрақты түрде хабарландыру үшін тиісті жұмыстар жүргізілуде.

 

Дата публикации
18 мая 2025