«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 19-бабы 6 және 8-тармақтарына сәйкес Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылғы
07 сәуірдегі №16 шешімімен Жамбыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары А. Отыншиев өз еркімен берген өтініші бойынша комиссия құрамынан шығарылып, комиссия құрамына Бауыржан Куттыбаевич Калшымбетов комиссия мүшесі болып тағайындалды.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 10-бабына сәйкес, сайлау комиссиясының төрағасы, төрағасының орынбасары және хатшысы сайлау комиссиясының отырысында сайлануына байланысты, аудандық аумақтық сайлау комиссиясының отырысында төраға орынбасарын сайлау мәселесі қаралды.
Комиссия мүшелерінің дауысқа салу нәтижесінде, өз өкілеттігін кәсіби тұрақты негізде жүзеге асыратын Жамбыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары болып бір ауыздан Бауыржан Куттыбаевич Калшымбетов сайланды.
Жамбыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы