ЖАҢА ХАТШЫ САЙЛАНДЫ

ЖАҢА ХАТШЫ САЙЛАНДЫ

        

         Күні кеше Жамбыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының босаған орнына «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 19-бабының 8-тармағына сәйкес Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 31 наурыздағы №13 шешімімен Айман Лесбековна Косембаева комиссия мүшесі болып тағайындалды.

         Осыған байланысты Жамбыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының отырысы өтіп, күн тәртібінде «Жамбыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хатшысын сайлау туралы» мәселе қаралды. Комиссия мүшелерінің дауысқа салу нәтижесінде Жамбыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы болып, бір ауыздан Айман Лесбековна Косембаева сайланды.

 

Жамбыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
02 апреля 2025