Аудан әкімінің тұрғындармен кездесулері барысында айтылған ұсыныстарды
іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
(2025 жылдың 27 наурызына)
|
№ |
Ауылдық округ атауы |
Тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелер |
Орындалуы |
|
Өрнек ауылдық округі |
|||
|
1. |
Өрнек ауылдық округі |
Жұма стансасындағы кіші футбол алаңы жанынан балалар ойын алаңшасын салу |
Кіші футбол алаңы жанынан балалар ойын алаңшасын салу үшін жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп, нақтылауға ұсынылды. Орындалу үстінде. |
|
Ерназар ауылдық округі |
|||
|
2. |
Ерназар ауылдық округі |
Б.Кейкиев атындағы орта мектеп ғимаратын күрделі жөндеу |
Б.Кейкиев атындағы орта мектеп ғимаратын күрделі жөндеу үшін жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп, сараптамадан оң қортытындысы алынды (2024 жылғы 29 желтоқсан, №ПСД-0103/24 «ПСД Сараптама» ЖШС). Жоба құны – 895 млн 433 мың теңге. Облыс әкімдігінің білім басқармасына бюджеттік өтінім берілді. Орындалу үстінде. |
|
Тоғызтарау ауылдық округі |
|||
|
3. |
Тоғызтарау ауылдық округі |
124-есептік кварталдан Т.Тоқтаров атындағы орта мектеп арасын жалғап жатқан жолға шағал төсеу |
Жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп, бюджеттік нақтылауға ұсынылды. Орындалу үстінде. |
|
4. |
Тоғызтарау ауылдық округі |
Жаңаөткел ауылындағы Ж.Садықов көшесіне жарық орнату |
Жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп, бюджеттік нақтылауға ұсынылды. Орындалу үстінде. |
|
Ақбастау ауылдық округі |
|||
|
5. |
Ақбастау ауылдық округі |
Бірлесу-Еңбек ауылындағы С.Есімов көшесіне жарық орнату |
Бірлесу-Еңбек ауылындағы С.Есімов көшесіне жарық орнату үшін мемлекеттік сатып алу порталы арқылы «Гелион» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен 10348000 теңгеге келісімшарт жасалды. Алдағы уақытта жұмыстар атқарылады. Орындалу үстінде. |
|
6. |
Ақбастау ауылдық округі |
Жаңа Жамбыл фосфор зауыты маңындағы үйіндіге жүк көліктері шамадан тыс ауыр салмақпен жүріп, асфальтті бұзуда, экологиялық тұрғыда ауаны ластауда |
Тиісті мекемелерге арнайы хат дайындалуда. Орындалу үстінде. |
|
Көлқайнар ауылдық округі |
|||
|
7. |
Көлқайнар ауылдық округі |
Тастөбе ауылындағы тозығы жеткен жол белгілерін ауыстыру |
Көлқайнар ауылдық округіндегі ауылішілік жол белгілеріне толық зерделеу жүргізіліп, тозығы жеткен жол белгілерін қалпына келтіру бойынша аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне сұраныс жолданды. Орындалу үстінде. |
|
Қарасу ауылдық округі |
|||
|
8. |
Қарасу ауылдық округі |
Шайдана ауылында мал емдейтін орын-жай (раскол) салу |
Шайдана ауылында мал емдейтін орын-жай салу үшін 3 млн 400 мың теңгеге жобалық-сметалық құжаттамасы дайындалды. Жоба аудандық бюджеттік нақтылауға ұсынылды. Орындалу үстінде. |
|
9. |
Қарасу ауылдық округі |
Шайдана ауылындағы С.Көпбергенов көшесінің бұрылысын жарықтандыру |
С.Көпбергенов көшесі мен Ә.Нұрбаев көшесінің бұрылысын жарықтандыруға жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленуде. Орындалу үстінде. |