Ауылшаруашылығы 1 тоқсан

Агроөнеркәсіп кешенінде 2025 жылдың

1-ші тоқсанда атқарылған жұмыстар туралы

 

2025 жылы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемін 73 634,6 млн.теңгеге (107,5 %), оның ішінде өсімдік шаруашылығы өнімін 49 505,0 млн.теңге (108,5 %), мал шаруашылығы 24 129 млн.теңге (105,4 %) жеткізу жоспарланып отыр. 

Аталған жоспарларды орындау мақсатында ауданда келесі инвестициялық жобалар іске асырылуда. Бұл, жобалық құны 6,5 млрд. теңгені құрайтын 3 тауарлы-сүт фермаларының құрылысы. («Момбек»ШҚ құны 2,9 млрд.тг., 612 басқа, «AzNur Agro» АШӨК-і құны 1,8 млрд.тг., 400 басқа, «Даниял» ШҚ құны 1,8 млрд.тг., 400 басқа).

Оның ішінде 4,7 млрд.теңгені құрайтын 2-і ферманың құрылыс жұмыстары жүруде, ал бір тауарлы-сүт фермасының құрылысын ағымдағы жылы жүргізу жоспарлануда. Ашылатын жұмыс орны               60 адам (35 тұрақты).

 Өз қаражаты есебінен Ақбастау ауылдық округінің аумағында құрылысы жүріп жатқан ет бағытындағы құс фабрикасының құрылысы. Қуаттылығы жылына 24,0 мың.тн. құс етін шығару.

Сонымен қатар ауданда жобалық құны 3,2 млрд. теңгені құрайтын 2–і үлкен көкөніс қоймаларының құрылысы жоспарланған. Бүгінгі таңда Айшабибі ауылдық округі аумағындағы «Ализа» ЖШС-нің құны 1,9 млрд. теңгені құрайтын 7 000 тонналық көкөніс сақтау қоймасының құрылыс жұмыстары жүруде. Ал, екінші көкөніс қоймасын Көлқайнар ауылдық округіне қарасты «Тастөбе» шаруа қожалығы салуды жоспарлап отыр. Құны 1,3 млрд. теңге қуаттылығы 10 000 тонна.

 

Егін шаруашылығы бойынша

Аудандағы агроқұрылымдарға тиесілі егістік жерлердің көлемі 53 060 гектарды құрайды. Оның ішінде: суармалы егістік - 25582 га, тәлімі егістік - 27478 га.

2025 жылға ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі 51 960  гектарды (2024 ж - 4-А/Ш есебі 57101 га.) құрайды деп күтілуде. Аудан аумағының жерлері Тараз қаласына өтуіне байланысыты былтырғы жылға қарағанда егіс көлемі 5141 гектарға кеміген.

Оның ішінде, дәнді және дәнді бұршақты дақылдар – 17 246 га( 3 900 га күздік бидай, 11791 га жаздық арпа, 1555 га дәндік жүгері), майлы дақылдар – 2 545 га (күнбағыс-1215 га, мақсары 1330 га), қант қызылшасы – 700 га, картоп –304 га, көкөніс-бақша дақылдары –6 485 га (көкөніс-5776 га, бақша 709 га), мал азығы дақылдары – 24 681 га  (сүрлемдік жүгері-110 га, ағымдағы жылы егілетін көпжылдық шөп-1430 га, өткен жылдардағы көпжылдық шөп-23141 га) алқапты құрайды. 

Бүгінгі күнге 16 024 га жер дайындалып, 8 315 га арпа, 1268 га көпжылдық шөп, 2095 га көкөніс (о.і. пияз- 2050га), 175 га дәндік жүгері,65 га сафлор, 65 га картоп, 13 га бақша егілді. 

 

Техника паркін жаңарту туралы

2025 жылға өздігінен жүретін машиналы-тракторлы паркін 6,5 пайызға (41 бірлік техника) жаңартуға жоспарланып отыр. Бірінші тоқсанға 10 дана ауыл шаруашылығы техникасын алуға жоспар қойылған. Бүгінгі күнге 12 дана ауыл шаруашылығы техника түрлері алынды, оның ішінде 1 дана комбайын 70,0 млн.тг. (лизинг жүйесімен),        4 дана трактор  50,7 млн.тг. (өз қаражаты есбінен) және 7 дана басқа да қосалқы техника 22,5 млн.тг. алынды. Бұдан бөлек, 8 шаруашылық «Казагроқаржы» АҚ-на 8 дана жаңа тракторға 162 млн. 200 мың. тенгеге өтінім берді.

 

Минералды тыңайтқыштарды енгізу жоспары

2025 жылы 7337 тонна минералды тыңайтқыштар алып, 33 855 га алқапқа енгізу жоспарлануда. (аммиак селитрасы -2738,8 тонна, аммофос-2802,6 тонна, басқа тыңайтқыштар -788,3 тонна).

Бүгінгі күнге, аудан бойынша 14 шаруашылық 2 010 тоннаға келісім шартқа тұрып, барлығы 1 010 тонна минералды тыңайтқыштар алынды (аммиак селитрасы - 480 тонна, аммофос- 430 тонна, басқа тыңайтқыштар - 100,0 тонна). Тыңайтқыш енгізілген алқап көлемі 5 050 га.

 

«Ауыл аманаты» жобасы бойынша

2025 жылы «Ауыл аманаты» жобасы аясында 13 ауылдық округтен 110 жобаны 758 млн 200 мың теңгеге іске асыру жоспарлануда. (Жоспар 75 жоба). Бүгінгі күнге 56 жоба 387,7 млн.теңгеге қаржыландырылды. Оның ішінде 2025 жылы қаржыландырылғаны 32 жоба 215,3 млн.тг. (35 жұмыс орыны).

( 2024 жылы 24 жеке кәсіпкер 173,5 млн теңге).

 

«Тауарлық несиелендіру» жобасы бойынша

Ауданда «Ынтымақ» шаруа қожалығы тауарлық несие беру бойынша оператор болып белгіленіп, шаруа қожалық тарапынан Айшабибі ауылының екі тұрғынына 100 бас қой тауарлы несие түрінде берілді.

 

Көктемгі дала жұмыстарын несиелендіру

2025 жылға көктемгі дала жұмыстарын несиелендіру «Кең дала 2» бағадарламасы бойынша бүгінгі күнге көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге 11 шаруашылықтан 416,7 млн.теңгеге өтінім берілген. Оның ішінде:                                 9 шаруашылыққа 361,146 млн.теңге несие төленді, 55,53 млн.теңгеге 2 шаруашылықтың құжаты мақұлданған.

 

 

 

 

 

мму 55,53 млн. тенге.

Дата публикации
02 апреля 2025