Жамбыл ауданы автомобиль жолдары туралы 

Жамбыл ауданы автомобиль жолдары туралы 
Жамбыл ауданы көлемінде автомобиль жолдарын жөндеу жұмыстарының барысы және сапасы туралы төмендегіні хабарлайды. 
Жамбыл ауданының аудандық маңызы бар автомобиль  жолдарының саны 37, жалпы ұзындығы 174 шақырымды құрайды. 
Елді мекендердің ішкі көше жолдарының саны 582 жалпы ұзындығы 435 шақырым. 
Жамбыл ауданы аумағынан өтетін Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы – 72 шақырым. 
«Батыс Европа-Батыс Қытай –          58 шақырым                 
«Тараз-Үтмек-Қырғыз шекарасы»   14 шақырым 
Облыстық маңызы бар  автомобиль жолдарының ұзындығы 103 шақырым. 
 «Тараз-Аса-Ақкөл-Саудакент»                41 шақырым
«Аса-Қарабастау»-                                    38 шақырым
«Тараз қаласына батыстан кіреберіс»     8 шақырым
«Тараз қаласының айналымы»                16 шақырым.
Биылғы жылы жалпы құны 502594,0 мың теңгеге ұзындығы 13,5 шақырым 4 аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын орташа жөндеуден өткізуге 50/50 паритетті қаржыландыру жобасы бойынша тізімге еңгізілді. (3,8 км «Ерназар-Қойгелді» 153567,7 мың теңге, 2,5 км «Ащыбұлақ ауылына кіреберіс» - 93907,7 мың теңге, 6 км «Аса-Мырзатай» - 226676,2 мың теңге, 0,75 км «Аса ауылына солтүстіктен кіреберіс» - 28434,0 мың теңге) 4 жоба бойынша мердігері «Тараз көлік жолдары» ЖШС-гі. Жөндеу жұмыстары толық аяқталды
«Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы аясында 9 жоба іске асырылды. 11 елді мекеннің жалпы ұзындығы 21 шақырымды құрайтын 39 көшені орта жөндеу.(Гродеково-1 жоба, Қарасу-2 жоба, Айшабибі – 1 жоба, Қызылқайнар – 1жоба, Ақбастау – 1 жоба, Қаракемер – 2 жоба, Ерназар – 1 жоба)  
Аудандық бюджетен бөлінген қаражат аясында 3 жоба іске асырылды (Айшабибі – 1 жоба, Көлқайнар-1 жоба, Тоғызтарау – 1жоба)  
Сонымен қатар облыстық бюджетті нақтылау барысында аудан аумағындағы Ақбұлым, Қарой ауылдық округтеріндегі Ақбұлым ауылындағы 5 көшен, Сүлутөр ауылындағы 17 көшелерді орта жөндеуден өткізуге 245 млн. теңге бөлінді. Барлық ауылдарда жөндеу жұмыстары толық аяқталды.    
  Аудан аумағында биылғы жылы жөндеу жұмыстары жүргізілген жолдардарына пайдаланылған құрылыс материалдарының сапасын сараптама жұмыстарын жүргізу үшін «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» ШЖҚ республикалық мемлекеттік кәсіпорынымен қажетті 15 млн теңге қаражатқа келісім шарт жасалған.  
Келісім шарт бойынша аудандық маңызы бар жалпы үзындығы 13,5 шақырым құрайтын 4 автомобиль жолы, «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы бойынша және аууддандық бюджеттен қаржыландырыылған 47 шақырым көше жолдарға сараптама жұмыстары жүргізіліп, оң қорытындысы алынды. Келісім шарт бойынша қаралған қаражат толық төленді. 
«Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» ШЖҚ республикалық мемлекеттік кәсіпорынымен жол жөндеу жұмыстары мен материалдардың сапасының қорытындылары бойынша «Ерназар-Қойгелді» аудандық маңызы бар автомобиль жолында және Шоқай ауылы О.Жалпанова көшесінің жөндеу жұмыстарынан алынға асфальт сынамаларының тығыздығы төмен көрсеткіш көрсетіп (0,98-0,97) кемшіліктер анықталған болатын. Қазіргі таңда «Қазақстан Республикасы көлік министірлігінің автомобиль жолдары комитеті төрағасының 2024 жылғы 15 сәуірдегі №7 бұйрығына сәйкес асфальтобетон сынамаларының ең төменгі коэффиценті 0,97 ең төменгі көрсеткіш болып саналатындығы бойынша өзгерістер еңгізілген. 
Қоғамдық көлік қатынасы
Жамбыл ауданындағы жергілікті халықтың әлеуметтiк-экономикалық жағдайына әсер ететiн халықтың еркiн қозғалу мүмкiндiгін қамтамасыз ету мақсатында Жамбыл аудандық комиссия төменде көрсетілген субсидиялауға жататын әлеуметтік маңызы бар қатынастар тізбесі бойынша тұрақты қатынастағы жолаушылар тасымалын бес жылдық мерзімге субсидиялауға жататын әлеуметтік маңызы бар қатынастары тізбесіне 2023 жылы 6 бағытта автобус қатынасы енгізілді. Бүгінгі күнде төмендегі көрсетілген бағыттар бойынша қоғамдық көліктер тұрақты түрде қызмет көрсетуде.
- Ауданішілік «Аса – Рахат – Еңбек – Тастөбе – Ащыбұлақ – Шайдана – Сеңгірбай» бағыты;
-Ауданішілік «Аса – Құмтиын – Жұма – Өрнек – Ерназар» бағыты;
-Ауданішілік «Аса – Бірлесу-Еңбек – Шоқай» бағыты.
-Ауданішілік «Аса-Қызылшарық-Бектөбе-Айшабибі-Қаратау» бағыты;
-Ауданішілік  «Аса-Құмтиын-Қаракемер» бағыты;
-Ауданішілік «Аса-Танта-Шайқорық-Қапал-Ш.Ниязбеков» бағыты;
Барлық бағыттар бойынша ПАЗ маркалы 6 автобус қатынайды, және әр бағыт бойынша қосымша негізгі автобус бұзылған жағдайда шығатын 2 автобус қарастырылған. 
Комиссия отырысының қорытындысы бойынша жолаушыларды тасымалдау қызметін көрсетуге «Сырым Транс Ком» ЖШС-гі жеңімпаз болып анықталған. 
             2024 жылға субсидиялауға жататын жоғарыда аталған 6 бағыттағы маршруттардың бөлінген қаражат көлемі 173 млн 162 мың теңге құрайды. 
Сонымен қатар 2024 жылы қосымша тағы 1 маршрут ашу жоспарлануда (Жаңаөткел-Тоғызтарау-Құмсуат-Өрнек-Аса бағыты). Қазіргі таңда жоғарыда аталған бағыт бойынша орындайтын әрекеттердің ұзақтығын бекіту және өлшеу арқылы уақыт шығынын анықтау әдісі бойынша автобус маршрутын жүргізу үшін облыстық маслихат сессиясы отырысына автобустың жүру кестесі, тарифі және бағыты еңгізу құжаттар топтамасы ұсынылды. Аталған бағыт бойынша субсидия қаражатының есебі 37 288 754 теңгені құрайды..
Дата публикации
28 марта 2025