Жамбыл ауданың 2025-2027 жылдарға арналған бюджетті нақтылау барысында тиісті бюджеттік бағдарлама әкімшілерінен бюджеттік өтінім жинақталып, жобасы әзірленуде.
Мемлекеттік сатып алу бойынша 14 ашық конкурс өткізіліп, 11-нің мердігері анықталды. Рейтингтік-балдық жүйені пайлана отырып 3 конкурс беріліп, мердігерлері анықталды.
2025 жылдың 3 айына әлеуметтік – экономикалық көрсеткіштердің болжамы жасалынды.
2024 жылдың ауылдық елді мекендердің әлеуметтік – экономикалық дамуының мониторингінің есебі жасалынды. Сонымен қатар тиісті орталық мемлекеттік органдардың бірлескен бұйрығымен елді мекендердің типіне (қала, ауыл) және мөлшеріне (халық санына) қарай объектілер мен көрсетілетін қызметтердің (игіліктердің) халыққа қолжетімділігінің міндетті деңгейін қамтамасыз ету болып табылатын Елді мекендерге арналған өңірлік стандарттар жүйесі бекітілді.
Жамбыл облыстық мәслихатының 2024 жылғы 26 қарашадағы №19-3 шешіміне 7 қосымшасына сәйкес Жамбыл облысы дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған жаңа даму жоспары бекітілді. Жамбыл ауданы бөлінісінде 10 нысаналы индикатордың тізбесі қалыптастырылды.
«АМАНАТ» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасында 4 басым бағытта жалпы 76 іс-шара мен 8 тармақша айқындалған. 2025 жылға 62 іс-шара және 5 тармақшаны іске асыру жоспарланды.
Ауылдық округ әкімдерінің жұмысын бағалау мақсатында аудан әкімі мен ауылдық округ әкімдері арасындағы 2025-2027 жылдарға арналған Келісімнің нысаналы индикаторлар тізбесі әзірленіп, бекітілді.
2025 жылы барлығы 25 маманға оның ішінде 20 маманға 7 млн 864 мың. теңге көтерме жәрдемақыға, 5 маманға 45 млн. 218 мың теңге тұрғын үйге несие беру жоспарлануда.
Бүгінгі күнге 3 маманның әр қайсысына 393 мың 200 теңге көлемінде бір реттік көтерме жәрдемақы алды (білім, спорт, денсаулық сақтау саласы).