Әлеуметтік жәрдемақылар бойынша
- Ағымдағы жылы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке 574 397,0 мың теңге қаражат бөлінді, оның ішінде:
-республикалық бюджет трансферттері есебінен 143 040,0 мың теңге,;
- облыстық бюджеттен 370 357 мың теңге;
- жергілікті бюджет қаражаты есебінен 61 000,0 мың теңге
2024 жылдың 2 айына 114 отбасындағы 735 мүшесіне 13524,3 мың теңге тағайындалып, төленді.
- Тұрғын үй жәрдемақысына 2 000,0 мың теңге қаражат қаралды.
- Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмекке 103 000,0 мың теңге қаражат қаралып, 76 адамға 6856,9 мың теңге бірреттік әлеуметтік көмек берілді.
- Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу бойынша 7845,0 мың теңге қаражат бөлініп, 40 отбасы 43 балаға 589,8 мың теңге қаражат игерілді.
- . Ауылдық жерде тұратын әлеуметтік сала мамандарына отын алуға әлеуметтік көмекке 56011,0 мың теңге қаражат қаралды.
Жамбыл ауданы бойынша мүгедектерді оңалту құралдарымен және қызметтерімен қамту бойынша
Аудан бойынша 2025 жылдың 01 наурызға 2422 мүгедектер тіркелді, оның ішінде: 1 топтағы - 308, 2 топтағы - 810 адам, 3 топтағы - 776 адам, мүгедек балалар саны - 528 адам.
(2024 жылға 2456 мүгедектер тіркелген.)
Мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес, мұқтаж мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге және ымдау тілі мамандарының, жеке көмекшілердің қызмет көрсету, инватакси қызметіне, үйде қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бойынша 2025 жылға жалпы 463260,0 мың теңге (жергілікті бюджеттен 139502,0 мың теңге,облыстық бюджет 227353,0 мың теңге, республикалық бюджет 96405,0 мың теңге) қаражат бөлінді. (2024 жылға жалпы 366139,0 мың теңге қаражат бөлінген.)
2025 жыл бойынша:
Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға міндетті гигиеналық құралдар және компенсаторлық құралдармен қамтамасыз етуге 2025 жылға жалпы 186988,0 мың теңге (101541,0 мың теңге жергілікті бюджеттен, республикалық бюджеттен 85447,0 мың теңге) бөлінді.
- Міндетті гигиеналық құралдар және компенсаторлық құралдар бойынша 188 өтініш тіркелген, оның 167-і көмекпен қамтылды (88,8 пайыз), 21 өтініш тапсырыста.
- Протездік-ортопедиялық құралдармен қамтамасыз ету бойынша 23244,0 мың теңге (облыстық бюджет 22784,0 мың, республикалық бюджеттен 460,0 мың теңге) қаражат бөлінген. Протез-ортопедиялық құралдарға 77 өтініш түсіп,оның 29-ы көмекпен қамтылды, (37,6 пайыз).
- Тифлотехникалық құралдар бойынша 17954,0 мың теңге (республикалық бюджеттен 3271,0 мың теңге, облыстық бюджеттен 14683,0 мың теңге) қаражат бөлінді 24 өтініш тіркеліп, 13-і орындалды, 54,1 пайыз.
- Ымдау тілі мамандарының қызметі үшін ымдау тілі маманын қажет ететін 36 мүмкіндігі шектеулі азаматтарға жалпы 15742,0 мың теңге қаражат (жергілікті бюджет 10282,0 мың теңге, республикалық бюджет 5460,0 мың теңге) бөлінді. Ымдау тілі маманы бойынша 31 өтініш түсіп, 30-ы ымдау тілі маманы қызметін алды, 96,8 пайыз.
- Жеке көмекшілердің қызметін көрсету бойынша жеке көмекшілердің қызметіне қажет ететін мүмкіндігі шектеулі азаматтарға 16220,0 мың теңге (жергілікті бюджеттен) қаражат бөлініп, жеке көмекшілердің қызметін көрсету бойынша 14 өтініш тіркеліп, 13-і жеке көмекші қызметін алды (92,9 пайыз).
- Сурдотехникалық құралдар бойынша 4306,0 мың теңге (республикалық бюджеттен 2551,0 облыстық бюджеттен 1755,0 қаражат бөлінді, 17 өтініш тіркеліп, оның 14-і көмекпен қамтылды, 82,3 пайыз.
- Арнайы жүріп-тұру құралдармен қамтамасыз ету бойынша 19107,0 мың теңге (облыстық бюджет 15352,0 мың теңге, республикалық бюджеттен 3755,0 мың теңге) бөлінді. Кресло-арбаларға 15 өтініш тіркеліп, 10-ы көмекпен қамтылды (66,6 пайыз),
- Мүгедектерге және мүгедек балаларға санаторлы-курорттық емделуге 69276 мың теңге (республикалық бюджеттен 10958,0, облыстық бюджеттен 58318,0 мың теңге) қаражат қарастырылды. Санаторлы-курорттық емделуге 281 өтініш тіркеліп, 16 адам демалып қайтты (5,6 пайыз), әлеуметтік қызмет порталдан мүгедектігі бар адамдар жаз айларына таңдау жасауда.
- Үйде қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету үшін мүгедектігі бар балалар мен қарттарға жалпы 55 адамға 2025 жылы 11 әлеуметтік қызметкерлермен қызмет көрсетіледі. 2025 жылға 55000,0 мың теңге (жергілікті бюджеттен) қаражат бөлінді. «Сәттілік сыры» мүгедектер қоғамдық бірлестігі ағымдағы жылдың 22 қаңтарымен қызмет көрсету үшін лицензия алып, әлеуметтік қызмет порталымен қызмет көрсетеді.
- Мүгедектігі бар инватакси қызметін пайдаланатын адамдар үшін 2025 жылға конкурс ойнатылып, жыл соңына дейін «Мейірім мекені» мүгедектер қоғамдық бірлестігі қызмет көрсетеді. Сомасы 8000,0 мың теңге.
Жеке оңалту бағдарламасы негізінде барлығы 01.03.2025 жылға 647 өтініш тіркеліп, 300 өтініш орындалған, 347-і орындалуда, тапсырыста.
Жалпы 01.03. 2025 жылға орындалуы 46,4 пайыз.
Мекемелерге пандустардың орнатылуы
Жамбыл ауданы бойынша мүгедектігі бар адамдардың әлеуметтік маңызы бар нысандарға қолжетімділігін қамтамасыз ету барысында Жамбыл ауданы бойынша 17 нысанды бейімдеу 2025 жылға жоспарланды.
Бүгінгі күнге атқарылған жұмыстар:
- Білім саласындағы нысандар (Бәйтерек, Шайдана бастауыш мектебі және Asa Elite scool–гимназиясы, Қаракемер ауылдық балабақшасы) бейімделуде.
- Мәдениет саласындағы нысандар (Ащыбұлақ, Қаракемер, Шайдана ауыл кітапханалары және Аудандық орталық кітапхана, Аудандық тарихи-өлкетану музейі, Шоқай ауылдық клубы, Жасөспірімдер демалыс кешені) ішінара бейімделу жұмыстары жүргізілуде.
- Спорт саласындағы (Бесағаш ауылдық спорт кешені) құрылыс жұмыстары аяқталып, ішінара бейімделуде.
- Денсаулық саласы бойынша (Қаратау фельдшерлік-акушерлік пункті,Тоғызтарау және Қостөбе медициналық пункті) бейімделуде.
- Әлеуметтік сала бойынша («Еңбек мобильдігі орталығы» КММ Жамбыл ауданы бойынша Мансаптық орталық филиалы) бейімделді.
Өзге саладағы 1 нысан (Аудандық орталық мұрағат) құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Бүгінгі күнге 17 нысандағы (4 білім саласы, 7 мәдениет саласы, 1 спорт саласы, 3 денсаулық саласы, 1 өзге саладағы нысандар) бейімдеу жұмыстары жүргізілуде.
Бүгінгі күнге бейімдеуден өткен нысандарға «inva.gov.kz» қолжетімділік картасына толық өзгерістермен енгізу жұмыстары жүргізілуде.