Тараз қаласында кезекші ХҚКО-ның мекенжайы өзгереді

2025 жылғы 1 сәуірден бастап кезекші халыққа қызмет көрсету орталығының мекенжайы өзгереді. Қызметтер Абай көшесі, 232 А мекенжайында, яғни  №3.ХҚКО-да  көрсетіледі.   Ал, Алатау ықшамауданы, 16А мекенжайында орналасқан ХҚКО әдеттегі жұмыс тәртібіне көшеді: жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін.  Естеріңізге сала кетейік, кезекші халыққа қызмет көрсету орталықтары азаматтарды дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін үзіліссіз, сенбі күні сағат 9:00-ден 13:00-ке дейін қабылдайды.

 

Дата публикации
27 марта 2025