Жамбыл аудандық орталық аурухана қарасты 35 мекеме : 1- аурухана, 1- аудандық емхана, 1- ауылдық емхана, 14-дәрігерлік амбулатория , 6- фельдшерлік-акушерлік пункт және 12- медициналық пункт бар.
Жамбыл АОА 2025 жылдың 2 ай бойынша емханаға тіркелген халық саны 67575 адамды құрайды ,оның ішінде : ерлер - 34207, әйелдер - 33368, балалар - 23004, жасөспірімдер - 3909, туу жасындағы әйелдер - 14057. 2024 жылдың 2 айында 67415 тұрғын. Өткен жылмен салыстырғанда тіркелуші тұрғын саны 160 адамға артқан.
2025 жылдың қаңтар-ақпан айларында БМСК мекемесіне тұрғындардың келу саны – 63419, оның ішінде аурушаңдық бойынша - 36152, профилактикалық себеппен келгендер -24044, үйде қаралу саны – 3223. 2024 жылдың 2 айында тұрғындардың келу саны- 59727, ішінде аурушаңдық бойынша -34552, профилактикалық қаралу себептерімен келу саны -21495, үйде қаралу саны – 3680.
Жамбыл аудандық ауруханасының 2025-2024 жылдардың 2 айындағы статистикалық көрсеткіштері:
2025 жылдың 2 айында 51 қайтыс болу жағдайы тіркеліп, 1000 тұрғынға шаққанда өлім-жітім көрсеткіші -0,7 ні құрады. 2024 жылдың 2 айында 66 қайтыс болу жағдайы тіркелген, 1000 тұрғынға шаққанда өлім- жітім көрсеткіші – 0,9.
2025 жылдың 2 айында 163 сәби дүниеге келген, 1000 тұрғынға шаққандағы туу көрсеткіші – 2,4. 2024 ж 2 айы бойынша 189 сәби дүниеге келіп, туу көрсеткіші 2,8 ді құрады. Өткен жылмен салыстырғанда туу көрсеткіші төмендеген.
Табиғи өсім 2025 жылы-1,7, 2024 жылы -1,9 ды құрады. Ағымдағы және өткен жылдың 2 айында ана өлімі және сәби өлімі тіркелмеді.
Әлеуметтік мәні бар аурулар
Жүрек қан тамырлары аурулары бойынша ағымдағы жылда 255 жағдай тіркеліп, 100мың тұрғынға шаққанды көрсеткіші – 289,4 ті құрады, өткен жылдың 2 айында 156 жағдай орын алып, 100мың тұрғынға шаққандағы көрсеткіш 179,3 .
Туберкулезбен аурушаңдық көрсеткіші 2025 жылдың 2 айында 3 науқас анықталып, 100 мың тұрғынға шаққандағы көрсеткіші - 3,4 ті құрап отыр. Өткен жылдың 2 айында 5 науқас анықталды, көрсеткіш - 5,6.
Қатерлі ісіктерден болатын аурушаңдық бойынша 10 науқас анықталып, 100 мың тұрғынға шаққандағы көрсеткіші – 11,3 ті құрады. Өткен жылдың 2 айында 12 науқас анықталды, көрсеткіш – 13,8.
Жамбыл аудандық орталық ауруханасында 1 жылжылмалы медициналық кешен қызмет көрсетеді. ЖМК автобусы УДЗ аппараты, флюорографиялық аппарат, ЭКГ-аппараттарымен жабдықталған. Кешенде невропаталог, хирург, удз дәрігері , рентген – лаборант , медбике қызмет көрсетеді. 2025 жылға жоспарланған жалпы қамтылуы қажет науқас саны – 8410, елді мекен -25. 2 айда ЖМК барған елді мекен саны - 8, 2086 науқас қаралған,оның ішінде консультация алғаны – 1080,диагностикалық зерттеулерден өткен -1006 науқас, орындалу пайызы 24,8 ді құрайды. 2024 жылға жоспарланған жалпы қамтылуы қажет науқас саны – 8520, елді мекен -25. Өткен жылдың 2 айында ЖМК барған елді мекен 9, 2026 науқас қаралған,оның ішінде консультация – 864,диагностикалық зерттеулер -1162 науқас өткен, орындалу пайызы 24,8.
Орталық аурухананың төсек қоры 115 төсек орнын құрайды. Ағымдағы жылдың 2 айында 690 науқас , өткен жылда 727 науқас ем алып шыққан. 2025 жылда шұғыл түскен науқастар үлесі 583-84%, жоспарлы жатқызылған науқастар үлесі 109-16%.