Материалдық-техникалық база

2025 жыл қаңтар айында аудан бойынша 77 білім беру мекемесі жұмыс атқарады. Оның  44-і күндізгі жалпы орта білім беретін мектептер (8 бастауыш, 1 негізгі, 29 орта, 6 жекеменшік), 3 қосымша білім беру мекемелері және 16 мемлекеттік, 14жекеменшік балабақша жұмыс жасады.

2024-2025 оқу жылында аудан бойынша барлығы 16 945оқушы, оның ішінде 38 мемлекеттік мектепте –15 846  оқушы, жеке меншік 6 мектепте –1099 оқушы білім алуда.

 

Материалдық-техникалық база.

  1. Мектеп құрылысы. Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың тапсырмасымен бекітілген «2025 жылдың соңына дейін кемінде 1000 мектеп салу» жөніндегі Жол картасына Жамбыл ауданынан 8 мектеп құрылысы енгізілген.

2023 жылы Шоқай ауылында 150 орындық пайдалануға берілді. 2 мектептің құрылысы (Шайдана – 150, 1,495 млрд.; Бәйтерек – 100, 1,216 млрд.;) басталды. Ауданымызда 2025 жылы 2мектеп (Қостөбе ауылында –100, Қызылдихан–150,), 2026 жылы 3мектеп (Қапал –80, Рахат –80, Қоңыртөбе ауылынан–100) құрылысы жол картасына енген. Сонымен қатар, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Шайқорық ауылынан 600 орындық мектеп құрылысы және Тоғызтарау ауылында Т.Тоқтаров атындағы орта мектебіне  жапсарлас құрылыс салу (жоба құны–790 млн.теңге. спорт зал, асхана және 4 оқу кабинеті) жоспарға сәйкес жүргізілетін болады.

Дата публикации
27 марта 2025