Ауданда 2025 жылы барлығы 108 спорттық ғимарат бар. Оның ішінде: Оның ішінде: 1 орталық стадион, 6 спорт кешені, 1 теннистік корт, 78 спорт алаңшалары, 18 футбол алаңдары, 4 орнатылған зал. Бұл нысандардың барлығы аудан аймағындағы елді мекендерде орналасқан.
2025 жылы аудан көлемінде дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде 21530 адам шұғылдануда, бұл көрсеткіш аудан тұрғындарының жалпы санына (52180 адам) есептегенде, 41,2%-ды құрайды.
Балалар мен жасөспірімдердің жалпы санынан (25290 адам) балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде (1297 адам) және аула клубтарындағы (226 адам) дене шынықтырумен және спортпен айналысатын 7 мен 18 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдердің қамтылғаны 17,6%-ды құрайды.
Ауданға қарасты Аса ауылындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде 935 бала спорттың 12 түрімен шұғылданады, бұл балалармен 35 жаттықтырушы-оқытушы спорттың қазақ күресі, дзю-до, самбо, еркін күрес, бокс, жартасқа өрмелеу, баскетбол, таэквондо, кикбоксинг, грек-рим күресі, футболмен жұмыс жасайды.
Бесағаш ауылындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде 113 бала спорттың 4 түрінен жаттығады, бұл балалармен 5 жаттықтырушы-оқытушы дзю-до, қазақ күресі, еркін күрес, тоғызқұмалық жұмыс атқарады.
Саламатты өмір салтын ұстану бағытында аудандағы мекеме қызметкерлері мен ауыл жастары кешкі мезгілде аптасына екі рет ауылдық округ аймақтарындағы орта мектептердің спорт залдарында волейболмен, баскетболмен, аудан аймағындағы екі балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің залдарында, жастар орталығындағы тренажер залы мен ауылдық округтердегі кіші футбол алаңдарында жаттығып отырады. Кесте бойынша 13 ауылдық аймақтағы 146 спорттық нысандар қызмет көрсетеді.
Жамбыл ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөліміне жергілікті бюджеттен 2025 жылға жалпы 35174,0 м.т бөлінді.
-Ұлттық және бұқаралық спорт түрлерін дамытуға-10532,0 мың теңге;
-Аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) деңгейдегі спорттық жарыстар өткізуге- 3000,0 мың теңге;
-Әртүрлі спорт түрлері бойынша аудан (облыстық маңызы бар қалалық) құрама командаларының мүшелерін дайындау және олардың облыстық спорт жарыстарына қатысуы үшін-5500,0 мың теңге бөлінді.
Бұл бағдарламалар аясында саламатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту барысында 2025 жылдың 3 айында 74 бұқаралық спорттық іс-шаралар және 1 салалық спартакиада ұйымдастырылып, аталған іс-шараларға 4125 адам қатысты.