Көкөніс сақтау қоймасын салу жоспарлануда

 

Аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлының қабылдауында болған «АLIZA» ЖШС-нің басшысы Ербол Еркебаев құны 1,9 млрд теңгені құрайтын 7 мың тонналық көкөніс сақтау қоймасын іске қосу жұмыстарын жүргізіп жатқанын, әкімдік тарапынан электр, газ желісін тартуға қолдау көрсетуін сұрады. Сондай-ақ қойма құнының 825 млн теңгесі қажетті құрылғыларды алуға жұмсалады.

Аудан басшысы инвестордың жобасына қолдау көрсететінін, «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы арқылы инфрақұрылымдық-инженерлік желілерді тартуға болатынын айтып, жұмыс орнына жергілікті тұрғындарду тарту қажеттігіне де баса назар аударуды жеткізді. Инвестор жұмысы бойынша жауаптыларға нақты тапсырмалар берілді.

Келесі кезекте аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы Жалпақтөбе ауылының тұрғыны Әкімжан Жақыповты қабылдады.
Өтініш иесі Полатқосшы ауылдық округінің жерінен жекеше орман өсіру үшін 1,8 гектар жер учаскесінің пайдалану мерзімі 2025 жылдың 25 мамырында аяқталуына байланысты мерзімін ұзартып беруін сұрады.
Өз кезегінде өңір басшысы Полатқосшы ауылдық округінің жері Тараз қаласына өтуіне байланысты пайдалану мерзімін ұзарту Тараз қаласы тарапынан жүргізілетінін атап өтті

Дата публикации
28 января 2025