Ауыл атауын қайта атау туралы

Гродиково ауылдық округінің тұрғындарыменжергілікті қоғамдастық мүшелерінің жиналысының

№6 ХАТТАМАСЫ

 

Гродеково   ауылы                                                        09 желтоқсан 2024 жыл

 

Жиналыс төрағасы: Н.Рахманалиев-

Гродиково ауылдык округі әкімі;

Жиналыс хатшысы: С.Калдиева-

Гродиково  ауылдық округі  әкімі

аппаратының  бас  маманы.

 

Жиналысқа қатысқандар: Қоғамдастық кенес мүшелері,

Гродеково, Қызылдихан ауылдарыныңтұрғындары.

Барлығы: –1339 адам.

 

 

КҮН ТӘРТІБІНДЕ:

Гродиково ауылдық округі мен Гродеково ауылының атауларын қайта атау туралы

 

   Тыңдалды: Н.Рахманалиев - Гродиково ауылдык округі әкімі: «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің 2023 жылғы 1 тамыздағы №211 бұйрығына сәйкес бүгін Гродиково ауылдық округін Ақтоғай ауылдық округі, Гродеково ауылын Мыңбұлақ ауылы деп қайта атау туралы түскен ұсынысбойынша халықтың пікірін ескеруге жиналып отырмыз.Анықтама үшін(Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шiлдедегі N 151 «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» Заңы. 19-бап. Топонимикалық атауларды пайдалану тәртiбi. Әкімшілік-аумақтық бірліктердің, елді мекендердің құрамдас бөліктерінің, сондай-ақ басқа да физика-географиялық объектiлердiң дәстүрлi, тарихи қалыптасқан қазақша атаулары мемлекеттік тілде жазылады). Бұдан бұрын да осы мәселе бойынша бірнеше рет бас қосулар өткізіліп, аудандық баспаларда мақалалар жариялан болатын. Өз ой-пікірлеріңізді ортаға салуды сұраймын.

Сөйлеген:Қ.Омарқұлов, Ф.Берсенқұлова-Гродиково ауылдық округінің тұрғындары: Гродиково ауылдық округін Ақтоғай ауылдық округі, Гродеково ауылын Мыңбұлақ ауылы деп қайта атау туралы ұсынысты қолдаймыз. Бұл Ақтоғай, Мыңбұлақ деген атаулар осы жердің табиғатына байланысты алынған лайықты жер-су атаулары.

Сөйлеген:М.Туманов –Гродиково ауылдық округінің тұрғыны:Ақтоғай, Мыңбұлақ атауларыосы жердің тарихы мен географиясына байланыстырып алынған топонимдер.Гродиково ауылдық округін Ақтоғай ауылдық округі, Гродеково ауылын Мыңбұлақ ауылы деп қайта атау туралы ұсынысты қолдаймын.

Сөйлеген: С.Асанов, Қ.Алдабергенов-Гродиково ауылдық округінің  ақсақалдар  кеңесінің төрағасы, мүшесі: Гродиково ауылдық округін Ақтоғай ауылдық округі, Гродеково ауылын Мыңбұлақ ауылы деп қайта атау туралы баспаларға мақалалар жаздық, халықтың пікірін ескерубірнеше рет кездесулер өткізілді. Ұсынысты бірауыздан қолдаймыз.

          Сөйлеген:  М.Елеуов -Гродиково ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтөрағасы: Бұл мәселе көтерілгелі көптеген жиналыстар, сауалнамалар жүргізіліп, жергілікті тұрғындардың пікірлері толықтай ескеріліп, Гродиково ауылдық округін Ақтоғай ауылдық округі, Гродеково ауылын Мыңбұлақ ауылы деп қайта атау туралы шешімге келіп отырмыз.

Тыңдалды:   Н.Рахманалиев - Гродиково ауылдык округі әкімі: «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің 2023 жылғы 1 тамыздағы №211 бұйрығына сәйкес Гродиково ауылдық округін Ақтоғай ауылдық округі, Гродеково ауылын Мыңбұлақ ауылы деп қайта атау бойынша тиісті халықтың пікірін ескеру мақсатында ашық дауысқа саламыз.

Қолдағандар: 937 адам;

қарсы болғандар: 297адам;

қалыс қалғандар: 105 адам.

Округ әкімі ашық дауыс беру қорытындысы бойынша Гродиково ауылдық округін Ақтоғай ауылдық округі, Гродеково ауылын Мыңбұлақ ауылы деп қайта атау туралы ұсыныс ауыл тұрғындарының көпшілік дауыспен қолдау тапқандығын жариялады.

 

ЖИНАЛЫС ШЕШІМІ:

 

1.Гродиково ауылдық округін Ақтоғай ауылдық округі, Гродеково ауылын Мыңбұлақ ауылы деп қайта аталсын.

  1. Осы ұсыныс жергілікті өкілді және атқарушы орган тарапынан тиісті аумақ халқының пікірін ескерудің қорытындысы бойыншабірлескен шешімімен облыстық ономастика комиссиясының қарауына енгізілсін.

 

 

Жиналыстөрағасы                                                             Н.Рахманалиев

 

Жиналыс хатшысы                                                             С.Калдиева 

 

 

 

 

Дата публикации
14 декабря 2024