2024 жылғы 8 желтоқсанда өткен Жамбыл аудандық мәслихаттың шығып қалған депутаттың орнына сайлау қорытындылары туралы хабарлама

2024 жылғы 8 желтоқсанда өткен Жамбыл аудандық мәслихаттың шығып қалған депутаттың орнына сайлау қорытындылары туралы хабарлама

 

2024 жылғы 8 желтоқсанда бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған Жамбыл аудандық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлау өтті.

Сайлаушылар тізіміне 2987 азамат енгізілді. Дауыс беруге - 1842 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша - 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс - 10 қатысты.

Кандидаттардың жалпы саны - 3.

Бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Жамбыл аудандық мәслихат депутатын сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:

№2 сайлау округі бойынша

Амалов Ерболат Илесбекович үшін сайлаушылардың 180 дауысы берілді,

Сарсенов Рабат Полатович үшін сайлаушылардың 1155 дауысы берілді, Сырлыбаев Аскар Бахытович үшін сайлаушылардың 492 дауысы берілді.

«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны - 9;

 

Сайлау қорытындысымен бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Жамбыл аудандық мәслихаттың депутаты болып сайланды:

№2 сайлау округі бойынша – Сарсенов Рабат Полатович, 1963 жылы туған, Жамбыл аудандық электр тарату мекемесінің бастығы, Жамбыл облысы, Жамбыл ауданының тұрғыны.

 

 

Жамбыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

 

Дата публикации
10 декабря 2024