Жамбыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
ХАБАРЛАМАСЫ
(Аса ауылы, Абай көшесі 102, тел: 8/72633/2-12-06)
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14 бабы 6 тармағына, 22 бабына және №2, №13 бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Жамбыл аудандық мәслихатының шығып қалған депутаттарының орнына сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарының 1-тармағына сәйкес, Жамбыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы №2 және №13 бірмандаттық аумақтық сайлау округтерінің шекаралары мен округтік сайлау комиссияларының орналасқан жерлері туралы хабарлайды:
Жамбыл аудандық мәслихаты депутаттарын сайлау бойынша
№2 және №13 бірмандаттық аумақтық сайлау округтерінің шекаралары мен округтік сайлау комиссияларының орналасқан жерлері
№2 сайлау округі
Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Аса ауылы, Түгелбай көшесі, 10, Жамбыл аудандық ардагерлер үйі.
Шекаралары: Аса ауылының №167 және Құмтиын ауылының №171 сайлау учаскелерінің шекаралары кіреді, сайлау учаскелерінің жалпы саны – 2 (екі).
№13 сайлау округі
Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Ерназар ауылы Е.Әбдіхайым көшесі, 52, «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Жамбыл ауданының білім бөлімінің Б.Кейкиев атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Шекаралары: Гродиково ауылының №471, Ерназар ауылының №178 және Тоғазтырау ауылының №179 сайлау учаскелерінің шекаралары кіреді, сайлау учаскелерінің жалпы саны – 3 (үш).
Жамбыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы