№2 және №13 бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Жамбыл аудандық мәслихатының шығып қалған депутаттарының орнына сайлауды тағайындау туралы

№2 және №13 бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Жамбыл аудандық мәслихатының шығып қалған депутаттарының орнына сайлауды тағайындау туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 2-3) тармақшасына, 101-бабының 1-тармағының 4) тармашасына,  3-1 және 6-тармақтарына сәйкес және «Мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлауды  бір мезгілде өткізу күнін келісу туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 6 қыркүйектегі №39/47 қаулысы негізінде Жамбыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. №2 және №13 бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Жамбыл аудандық мәслихатының шығып қалған депутаттарының орнына сайлау 2024 жылғы 8 желтоқсанға тағайындалсын.
  2. Кандидаттарды ұсыну мерзімі 2024 жылғы 11 қазаннан 8 қарашаға дейін, кандидаттарды тіркеу мерзімі 2024 жылғы 13 қарашаға дейін белгіленсін.
  3. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2024 жылғы 8 желтоқсанға тағайындалған Жамбыл аудандық мәслихатының шығып қалған депутаттарының орнына сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілсін.
  4. Осы қаулы аудандық «Шұғыла-Радуга» газетінде жариялансын және Жамбыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырсын.

 

 

 

Төраға                                                           С. Дадабаев

 

 

Хатшы                                                          О. Затыбеков

Дата публикации
11 октября 2024