Мәдениет және тілдер 2024.09

Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениетжәне тілдерді дамыту бөлімінің  2024 жылдың 9 айында атқарған жұмыстарыныңесебі

Мәдениет нысандары:Аудан бойынша 50 мәдениет нысаны халыққа мәдени қызмет көрсетуде.Оның ішінде: 1 аудандық мәдениет үйі, 6 ауылдық мәдениет үйі, 13 ауылдық клуб,  1 орталықтандырылған кітапханалар жүйесі, 27 ауылдық кітапхана, 1 балалармен жасөспірімдер кітапханасы және 1 аудандық тарихи-өлкетану музейі.

Штат саны:311 қызметкертұрғындарға мәдени қызмет көрсетуде. Оның ішінде 11 әкімшілік, 143 шығармашылық, 157 техникалық қызметкер.

Іс-шаралар: 2024 жылдың басынан бері  1 740 мәдени іс-шараға 70 347 адам қамтылды. Бөлім тарапынан 34 іс-шара өткізіліп, оған 600 адам, орталықтандырылған кітапханалар жүйесі бойынша 1 039 іс-шара ұйымдастырылып 17 054  адам, аудандық мәдениет үйі бойынша 633 мәдени іс-шара өткізіліп, оған 51 693  адам, аудандық тарихи-өлкетану музейі бойынша 34 мәдени іс-шара өткізіліп, оған 1000 адам қамтылған. 

Үйірмелер:2022 жылы мәдениет үйлері мен клуб ғимараттарын тиімді пайдалану мақсатында 12 үйірме жетекшісінің штаты берілген болатын (Айшабибі, Шайқорық, Ерназар, Шайдана, Тастөбе, Өрнек, Ащыбұлақ, Тоғызтарау, Бірлесу-Еңбек, Шоқай, Жалпақтөбе, Еңбек ауылдық клубтарына).

Қазіргі таңда аудандық мәдениет үйі мен ауылдық клубтарда барлығы 95 үйірмеге 1034 адам қатысады. Оның 69-ы балалар үйірмесі (776 бала). Балалар үйірмесіне әлеуметтік аз қамтылған, қиын топтағы балалар тартылып, бос уақыттарын тиімді пайдалануға жағдайлар жасалуда.

Оның ішінде аудандық мәдениет үйінде 13 көркемөнерпаздар үйірмесі жұмыс атқарады, оған 153 адам катысады, ауылдық мәдениет үйлерінде 23 үйірме, қатысушылар саны-263, ауылдық клубтарда үйірме саны-59, қатысушылар саны-618.

Кітап қоры:Аудандағы кітап қоры 231 595 дананы құраса, оның ішінде мемлекеттік тілдегісі 158 045 дана. Жыл басынан бері «WEB-РАБИС» ақпараттық жүйелерге 232 917 дерекқор енгізілді.

Цифрландырылған ақпараттық орталықтар: Ауданда кітапханалар жанынан ашылған 21 цифрландырылған ақпараттық орталықтар тұрғындарға қызмет көрсетеді. Ақпараттық орталықтарда ауыл тұрғындарына «egov.kz» порталы арқылы 20-дан астам қызмет түрлері қолжетімді болса, 2024 жылдың бүгінгі күніне дейін 1 964 жеке тұлғаға 3 012 анықтама берілген. (Аудандық орталық кітапхана, Айшабибі, Өрнек, Тоғызтарау, Ерназар, Тастөбе, Бесағаш, Гродеково, Шайқорық, Ащыбұлақ, Бектөбе, Еңбек, Бірлесу-Еңбек, Ақбұлым, Қызылқайнар, Қарой, Қаракемер, Жалпақтөбе, Жасөркен, Шайдана, Қоңыртөбе   ауылдық кітапханалары).

Жамбыл облысының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспары, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен аудан әкімі  арасындағы Келісім1. «Оқитын ұлт» жобасы шеңберінде халықтың кітап оқу белсенділігін арттыру  2024 жылдың 9 айында 24 040 оқырман тіркелді, индикатор 30% орындалды. 2024 жылы индикаторлық көрсеткіш бойынша оқырман саны аудан тұрғындарының 32% құрауы тиіс.Оқырмандардың 6 011-і кітапхананың тұрақты оқырмандары.

  1. Мәдениет нысандарымен және көрсетілетін қызметтермен қамтамасыз етілуінің өсуі, оның ішінде шалғай аудандарда 2025 жылға дейін мәдениет нысанын салу (2024 жылғы 1 нысан). Ағымдағы жылдыңтамыз айында Ақбұлым ауылдық мәдениет үйі, қыркүйек айында аудандық тарихи-өлкетану музейі халық игілігіне пайдалануға берілді. Қызылқайнар ауылдық мәдениет үйі, Аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі, аудандық архив, балалар мен жасөспірімдер сарайы ғимараттарының құрылысы жүргізілуде.

Аудандық тарихи-өлкетану музейінің құрылысына 224 944,0 мың теңгеге мердігер «НұрТұрсын» ЖШС-мен, Ақбұлым ауылдық клубының құрылысына  232 320,0 мың теңгеге мердігер «AKM Group» ЖШС-мен, Қызылқайнар ауылдық мәдениет үйінің құрылысына 256 600,0 мың теңгеге мердігер «ТаласҚұрылыс»ЖШС-мен,  Аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі құрылысына 361 647,9 мың теңгеге, аудандық архив ғимараты құрылысына 407 284,5 мың теңге, балалар мен жасөспірімдер сарайы құрылысына 228 347,1 мың теңгеге мердігер мекеме «Каз Монтаж Альянс» ЖШС-мен келісімшарт жасалып, жұмыстар жүргізілуде.

  1. 2025 жылға дейін мәдениет нысандарын жөндеу (2024 жылға 1 нысан)

2024 жылға аудандық мәдениет үйіне  күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу. Жобаның жалпы құны – 344 млн 962,84теңге. Ағымдағы жылдың 11 сәуір күні конкурс нәтижесі шығып, жеңімпаз «Тараз құрылыс Дизайн» ЖШС-і анықталды, құны – 305 млн 209,1 мың теңге. Қазіргі таңда күрделі жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды.

Жеке ғимараттарда орналасқан Ерназар және Өрнек ауылдық кітапханалары ағымды жөндеуден өтті.  Бөлінген қаржы:  Өрнек ауылдық кітапханасына 22 млн 054,0 мың теңге, Ерназар ауылдық кітапханасына 16 млн 687,0 мың теңге. Мемлекеттік сатып алудың конкурсы бойынша 2024 жылдың мамыр айында жеңімпаз ЖШС "Grand Royal Stroy" анықталып, тиісті жұмыстар аяқталды.

Қысқы жылыту бойынша:Аудандық мәдениет нысандарының 22-і ыңғайластырылған, 28-і жеке ғимаратта орналасқан. Оның ішінде: 4-і көмір пешпен, 17-і газбен жылытылады, 1-і орталық қазандық.  Мәдениет үйлері мен клубтарға қатты отын алу үшін ЖК «ЖанАй» - мен 09.07.2024 жылы 30 тонна 570 мың теңгеге келісімшарт жасалған. Көмір толығымен тасымалданды.Кітапханаларға қатты отын алу үшін ЖК «Табысты»-мен 03.07.2024 жылы 84 тонна 1 751 400  теңгеге  келісімшарт жасалған. Көмір толығымен тасымалданды.Ерназар (4 226,7), Шайдана (2 766,0) ауылдық клубтарын газдандыру бойынша жеңімпаз "КАНСУЛком" ЖШС-і анықталып, жұмыстар  толығымен аяқталды.Ащыбұлақ, Шайдана, Өрнек, Ерназар ауылдық кітапханаларына газ кіргізуге жергілікті бюджеттен 11485,0 мың теңге бөлініп, қазіргі таңда газға қосылған.

Ескерткіш бойынша:Жамбыл ауданы аумағында 223 тарихи-мәдени ескерткіш бар. Соның ішінде: ЮНЕСКО-ның тізіміне енген 1-еу (Ақыртас сарай кешені). Республикалық дәрежедегі мемлекеттік тізімге енгізілген тарихи және мәдениет ескерткіштерінің саны – 3 (Айшабибі кесенесі, Бабаджа Хатун кесенесі, Жікіл қалашығы). Жергілікті дәрежедегі мемлекеттік тізімге енгізілген тарих және мәдениет ескерткіштер - 80. Аудан бойынша алдын-ала есепке алынған – 139 тарихи-мәдени ескерткіш бар.   Аудан аумағындағы ескерткіштердің құжаттарын заңдастыру бойынша 2024 жылға арналған индикаторлық көрсеткіш бекітілген. индикатор бойынша әр округке 1 ескерткіштен барлығы 17 ескерткіштің құжаттарын заңдастыру бекітілген. Музейдегі экспонат саны – 2210. Музейге келушілер – 760 адам.

Ономастика бойынша көше атаулары:Аудан бойынша 17 ауылдық округ, 42 елді мекен, 564 көше бар. Олардың ішінде 304 (53,9%) көше кісі есімімен, 87 (15,4%) көше дәстүрлі және 129 (22,8%) көше жер-су атауларыменаталады. 44 (7,8%)көше атауы жоқ  жаңа көшелер. Кісі есімімен аталатын көшелердің 93 (30,5% көше, саябақ, тұйық т.б) «Тарихи тұлғалар» тізіміне сәйкес келеді.

Көше аншлагы бойыншаПошта индексі және QR-коды бар жаңа үлгідегі аншлагтарды ауыстыруды қажет ететін (6 млн 192 мың теңге) 16 392 үй бар. Ағымдағы жылы 2 934 үйге жаңа үлгідегі аншлагтар орнату жоспарлануда. Бүгінгі күнге 1773 дана пошта индексі және QR-коды бар жаңа үлгідегі аншлагтар орнатылды.

Ономастика бағытында өткізілген іс-шаралар:Ономастика бағытындағы жұмысшы топтың 2 отырысы өткізілді.Аудандағы 42 елді мекенде зерделеу жұмыстарын жүргізу мақсатында 3-айлық, 2-акция, 4-апталық, 3-зерделеу ұйымдастырылды.Ағымдағы жылдың 9 айында жүргізілген зерделеу жұмыстары барысында, аудандағы 12 округтегі 31 елді мекен қамтылды. Жеке сектор өкілдеріне 100-ден аса ақпараттық парақшалар таратылды.

Жетістіктер:Халықаралық балалар және жасөспірімдер арасында «Taraz-BIG-Star» шығармашылық байқауында Ақбұлым ауылдық клубының “Балдәурен” би үйірмесінің қыздары жүлделі ІІ орынды иеленді. Олардың арасында ерекше мүмкіндігі бар биші қыздар да бар.

            Бектөбе ауылдық мәдениет үйінің жанынан құрылған «Наз» және «Балдәурен» бишілер тобы «Дарынды жұлдыздар» I Республикалық өнер байқауына қатысып, гран-при марапатына ие болып Түркияға жолдама алды.

            Облыстық «Жаңа Есім-2024» байқауына ауданнан іріктеліп 2 үміткер қатысып, жеңімпаз аталды.

            «Халықаралық би» күніне арналған II-облыстық «BASTAU» хореографиялық байқауына қатысып, 7-9 жас аралығындағы «Балдәурен» би ансамблі, аралас жас аралығында «Наз» би ансамблі I-дәрежелі дипломмен марапатталды.

            Халықаралық «ART&SCIENCE: БІЛІМГЕ ДЕГЕН ҚҰШТАРЛЫҚ» Jambyl Book Fest Кітап Фестивалінде «Оқуға құштар оқырман» оқу марафоны: өңір кітапханалары оқырмандарының арасынан ең көп кітап оқыған «Үздік оқырман» номинациясымен Ералы Қуатов марапатталды. (1 жылда 62 кітап оқыған).

            «MEGA ART SHOW FESTIVAL 2024» XV Республикалық фестиваль байқауының «Хореография» номинациясы бойынша «Балдаурен» би ансамблі I орын иеленді.

            «Шәкәрім оқулары» облыстық байқауында Айшабибі ауылдық кітапханасының оқырманы Жамалбек Мерей І орын иеленді.

             «Көне Тараз  күмбірі» III Республикалық  фольклорлық  ансамбльдер конкурсында «Аса сазы» фольклорлық ансамблі ерекше өнер көрсеткені үшін Алғыс хат және (150 мың теңге) сертификаты табысталды.

            «Шоқ тілді – Шона» атты облыстық байқауына қатысып, «Көрермен көзайымы» номинациясы бойынша (200 мың теңге) сертификаты табысталды.

            Т.Рысқұлов ауданы Мэлс Өзбеков атындағы мәдениет үйінің ұйымдастыруымен Жамбыл облысының 85 жылдығы аясында «Келші Құланға» атты VI Облыстық әншілер конкурсына Жамбыл  аудандық мәдениет үйінің көркемдік жетекші Жандаралиев Жақсылық қатысып, жүлделі III-орын, мәдени ұйымдастырушы Оспанов Нұрғылан алғыс хатпен марапатталды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
07 октября 2024