Жамбыл ауданы әкімдігінің «Аса-су» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының басшысы (1 бірлік) лауазымына конкурс жарияланады.

Жамбыл ауданы әкімдігінің «Аса-су» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының басшысы (1 бірлік) лауазымына конкурс жарияланады.

 

         Кәсіпорын басшысының лауазымына кандидатуралар іріктеу кезінде қойылатын негізгі талаптар мыналар болып табылады:

            1) біліктілік талаптарына сәйкес келетін жоғары білімінің болуы;

          2) техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган бекіткен экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіштеріне сәйкес Кәсіпорын қызметі саласындағы басшылық лауазымдарда мамандығы бойынша кемінде 5 жыл жұмыс өтілінің болуы;

          3) мемлекеттік ғылыми ұйым болып табылатын мемлекеттік кәсіпорынның басшысы лауазымына кандидаттар үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде 5 жыл, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор, ғылым кандидаты немесе ғылым докторы дәрежесі болған кезде жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.

 

Жамбыл ауданы әкімдігінің тұрғын   үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі бос тұрған Жамбыл ауданы әкімдігінің «Аса-су» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының басшысы (1 бірлік) лауазымына орналасуға конкурс жариялайды

 

08200, Жамбыл ауданы, Аса ауылы, Абай көшесі №127 (2 қабат, 12 кабинет),

анықтама үшін телефон:8 (72633)2-12-17 (asa_gkh@mail.ru)

        

         Жамбыл ауданы әкімдігінің «Аса-су» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының басшысы (1 бірлік)

Кәсіпорын қызметінің түрлері, нысанасы мен мақсаттары:

-Заңды және жеке тұлғалардың ауыз және техникалық суға деген қоғамдық қажеттілігін қанағаттандыру, жылумен қамту;

-Су құбыры- кәріз шарушылығы құрылысы, қайта конструкциялау, жөндеу және қайта жарықтандыру бойынша қызмет көрсету және өнім өндіру;

-Кәсіпорын қызметінің мақсаты пайда табу болып табылады;

-Суды жинау, тазарту және бөлу, жылумен қамту;

-Шаруашылық- ауыз су және техникалық сумен қамтамасыз ету үшін жер асты суларын өндіру, тазарту және тасымалдау;

-Сумен жабдықтау жүйелерін пайдалану;

-Су алу қондырғыларын пайдалану, техникалық қызмет көрсету ағымдағы және күрделі жөндеу;

-Су құбыры-кәріз шарушылығы нысандарын пайдалану және қызмет көрсету;

-Заңды және жеке тұлғалар үшін сумен жабдықтау және су ағызу жүйелерін соғу;

-тұрғындарға, ұйымдар мен кәсіпорындарға сумен жабдықтау және су ағызу жүйелерін жөндеу бойынша ақылы қызмет көрсету;

-Жергілікті және магистарльдық  құбырларды салу бойынша жалпы құрылыс, жұмыстарын атқару;

-тұрғындарға көрсетілген коммуналдық қызмет үшін төлемдерді тұрғындардан жинау бойынша қызметтер көрсету;

-Суық су және шайынды суларды есептеу құралдырын тексеру қондырғыларында тексеруден өткізу;

-Су ұңғымаларын қызу бойынша қызметтер;

 

          Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде мынадай құжаттарды ұсынады:

  • конкурсқа қатысу туралы өтініш;
  • мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;
  • еркін нысанда жазылған өмірбаян;
  • білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
  • еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі

не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмелері;

  • «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама

нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелді) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с.) бере алады.

         Конкурсқа қатысуға үміткер тұлғалардан құжаттар қабылдау басталатын күн бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап айқындалады. Конкурсқа қатысуға үміткер тұлғалардың құжаттарын қабылдау бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік он бес күн өткеннен кейін аяқталады.

         Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін, құжаттарды қарау қорытындысы бойынша әңгімелесуге жіберілген үміткерлер, күнтізбелік он күн ішінде Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Аса ауылы, Абай көшесі, №127, мекен-жайда орналасқан Жамбыл ауданы әкімдігінің тұрғын   үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде әңгімелесуден өтеді.

         Аталған лауазымға үміткерлер үшін кеткен шығындар (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) төленбейді, тұрақтанатын жер және жеңілдіктер ұсынылмайды.

Дата публикации
21 августа 2024