Жамбыл ауданы Гродиково ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы

Жамбыл ауданы Гродиково ауылдық округі

әкімінің сайлауын тағайындау

туралы

 

 

         «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-1-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына, 2, 3 және 4-тармақтарына сәйкес Жамбыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Жамбыл ауданы Гродиково ауылдық округі әкімінің сайлауы 2024 жылғы 15 қыркүйекке тағайындалсын;
  2. 2024 жылғы 15 қыркүйекке тағайындалған Жамбыл ауданы Гродиково ауылдық округі әкімінің сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін;
  3. Осы шешім Жамбыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық «Шұғыла-Радуга» газетінде жариялансын.

 

 

Төрағаның міндетін атқарушы                              А. Отыншиев

 

 

Комиссия хатшысы                                                  О. Затыбеков

 

 

 

Дата публикации
07 августа 2024