Жамбыл ауданының жергілікті атқарушы органдардың
2024 жылдың 1-тоқсанында көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша қысқаша есебі
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес Жамбыл ауданының жергілікті атқарушы органдарымен (ары қарай - ЖАО)
52 мемлекеттік қызмет түрі бойынша (кіші түрмен қосқанда 96 мемлекеттік қызмет) көрсетіледі.
Оның ішінде:
2024 жылы ауданның жергілікті атқарушы органдарымен 605 мемлекеттік қызметтер көрсетілген.
Оның ішінде:
-Электрондық түрде – 1349 қызмет (97,8%);
-Қағаз түрінде (баламалы) – 605 қызмет (3,2%).
-Мемлекеттік корпорация арқылы – 87 қызмет (7,2%).
О.і.: аудан әкімінің аппаратымен - 2 қызмет, аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен-18 қызмет, сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімімен-3 қызмет, ауыл шаруашылығы бөлімімен-3 қызмет, жер қатынастары бөлімімен - 6 қызмет, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімімен-3 қызмет, экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімімен-1 қызмет, спорт бөлімімен - 1 қызмет көрсетілген, ауылдық округтер арқылы -5 қызмет көрсетілген.
2024 жылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына шағым түспеген.
Ішкі бақылау жұмыстары бойынша
ЖАО ішкі бақылау жұмысына жауапты қызметкерлері бекітілген жоспарға сәйкес, есептік мерзімде 2 ішкі бақылау жұмыстарын жүргізіп,
2 жергілікті атқарушы органдар қамтылды.
Бақылаумен анықталған бұзушылықтардың ішінде мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімінің бұзылуының 0 фактісі, мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бекітілген стандартында көзделген құжаттардың толық топтамасы болмаған кезде мемлекеттік қызметті көрсетудің
0 фактісі, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін (бизнес-процесін) бұзудың 0 фактісі, мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартымен көзделген жұмыс кестесін сақтамаудың 0 фактісі, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнаманың өзге де талаптарын бұзудың
0 фактісі анықталды.
Ағымдағы жылдың 1 тоқсанында 1-жәрмеңке ұйымдастырылып, аталған жәрмеңкеге аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, экономика және бюджеттік жоспарлау, жер қатынастары, сәулет, қала құрылысы және құрылыс, ТҮКШ, ЖК және АЖ, ауыл шаруашылық, дене шынықтыру және спорт бөлімдерінің жауапты қызметкерлері қатысып, аудан тұрғындарының тарапынан туындаған сұрақтарға жауап берді.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті және Жамбыл облысы әкімдігімен ұйымдастыруымен, аудан әкімдігінің қызметкерлеріне мемлекеттік көрсетілетін қызметтер, ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі нормаларын қолдану тәртібі бойынша әдістемелік көмек көрсету семинары өткізілді.
Аудан тұрғындарының өтініштерін қабылдау және толғандырған сұрақтарын бір жерден қанағаттандыру мақсатында аудан орталығында «Сервистік әкімдік» орталығы ашылған.
Аталған орталықта аудан әкімдігіне қарасты 4 бөлім қызмет көрсетуде олар: жер қатынастары, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, ауыл шаруашылығы, сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімдері. «Сервистік әкімдік» арқылы ауыл тұрғындары консультативті көмек және электронды қызметтердің көптеген түрлерін алады. Азаматтардың барлық өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын және халыққа мемлекеттік қызметтерді бір ғимарат ішінде алуға мүмкіндік беретін жаңа сервистік әкімдік ашықтық пен қолжетімдік талаптарына сәйкес әрі жергілікті атқарушы органдар қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен көріністерін азайтуға ықпал етеді.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша түсіндірме іс-шаралар жоспарына сәйкес:
Есепті 1-тоқсанда мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша 10956 халықты қамтыған 85 түсіндірме іс-шараларын (насихаттау, семинар-кеңестер, БАҚ-та жариялау, бейнероликтер) жүргізіліп және де қоғамдық кеңестің мүшелерімен 1 отырыс ұйымдастырылды.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша түсіндірме іс-шаралар жоспарына сәйкес, аудан әкімдігімен көрсетілетін қызметтерді алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы хабардар болуын қамтамасыз ету, аудан әкімінің жанынан құралған қоғамдық кеңеспен сонымен қатар мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына ішкі бақылау жүргізудің 2023 жылға арналған іс-шаралар жоспарлары бекітіліп, мемлекеттік қызмет көрсетулер процестерін оңтайландыру мен автоматтандыру, электронды қызмет түрлері бойынша, мемлекеттік қызметтерге қол жетімділікті арттыру, халықты ақпараттандыру мақсатында аудан әкімі аппаратының сайтында, ауыл және ауылдық округі әкімі аппараты мен аудан әкімдігінің бөлімдерінің ресми сайттарына тұрақты түрде хабарландыру үшін тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Сонымен қатар, орталықта өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы орналасқан. Аудан тұрғындарына электронды қызметтерге қолжетімді болу үшін,17-ауылдық округ әкімі аппараттарында «Электрондық үкімет» веб-порталы (www.egov.kz) арқылы көрсетілу үлесін арттыру мақсатында «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары» ашылған, жауапты мамандар бекітілген.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде (насихаттау, семинар-кеңестер, БАҚ-та жариялау, бейнероликтер).
Қоғамдық кеңес:
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің тарапынан мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы өзекті мәселелерді Қоғамдық кеңес отырыстарының қарауына ұсыну туралы тапсырмасына сәйкес, аудандық қоғамдық кеңестің төрайымының келісісімен және аудан әкімімен «Жамбыл ауданында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру, оны жетілдіру және осы бағытта туындайтын басқа да мәселелерді қарау бойынша 2024 жылға арналған іс-шаралар жоспары» бекітілген. Бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 1-тоқсаны бойынша ішкі бақылау жұмыстары жүргізіліп,тиісті тапсырмалар мен ұсыныстар берілді.