Жамбыл ауданынын Әдеп жөніндегі уәкіл мен мемлекеттік қызметшілердің әдептілігі деңгейін көтеру, мемлекеттік органдардағы тәртіпті нығайту, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының профилактикасы бағыттары бойынша бірқатар жұмыстар атқарылған.
Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша жалпы – 211жеке консультативті көмек көрсетілді. Оның ішінде мемлекеттік қызметшілерге – 179, жеке тұлғаларға – 32. Елді мекенге шығу арқылы жүргізілген кездесулер саны – 28(әкімдікке қарасты бөлімдер мен ауылдық округтер).
Қызметтік әдеп нормаларының сақталуын, сондай-ақ ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйін мониторингтеу мақсатында және қызмет бабында ілгерілету, көтермелеу, жұмыс бойынша өзара іс-қимыл мәселелерімен 2023 жылы өткен кезеңінде мемлекеттік қызметшілермен 2 анонимді сауалнамалар жүргізіліп, 354 адам қамтылды.
Нәтижесінде, басшылардың тарапынан жұмыс процесін ұйымдастыру деңгейі жоғары, олардың жұмыс әдістері ұжымға ұнайтыны және моральдық-психологиялық ахуалға оң әсер ететіні анықталды.
Сауалнама қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметшілердің 99%-ы ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалдың ұнайтындығын, тікелей басшысы ұжымда тек қана іскерлік өзара қарым-қатынас құруға ықпал ететінін көрсетті.
Мемлекеттік қызмет пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл салаларындағы заңнамаларын сақтау бойынша 88түсіндірме жұмыстары жүргізілді, оның ішінде 72-ы дәріс пен семинарлар өткізілсе,2-і орналастырылған бейнесюжеттер, сондай-ақ 8мақала жергілікті басылымдарда жарияланған болса, 6-ітүрлі интернет-ресурстарда жарияланды.
«Мемлекеттік қызметшінің қызметтік әдебі», «Қызметкерлердің әкімшілік жауапкершілігі мәселелері», «Мемлекеттік қызметшілердің телефонмен сөйлесу әдебі», «Мемлекеттік сатып алу заңнамасының сақталуы», «Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесіндегі есептіліктер және іс-қағаздарының заң талаптарына сәйкес рәсімделуі жайлы аудан әкімі аппараты, аудан әкімдігі бөлімдері, ауылдық округ әкімі аппараттарының мемлекеттік қызметшілері арасында 42семинар-кеңес өткізілді.
Жамбыл ауданы әкімінің 2023 жылғы16мамырдағы «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» №144 өкіміне сәйкес, аудан әкімдігі бөлімдерінің және ауылдық округ әкімі аппараттарының қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуелкелдеріне ішкі талдау жүргізілді (Аса, Қаракемір, Өрнек, Қарасу, Ерназар, Полатқосшы, Қызылқайнар ауылдық округтері әкімдері аппараттарында және аудан әкімдігінің Жер қатынастары, Сәулет, қала құрылысы және құрылыс, Қаржы, Ауыл шаруашылығы, Мәдениет және тілдерді дамыту, экономика бөлімдерінде). Нәтижесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері аталған мемлекеттік органдарда анықталмады.
БАҚ жарияланымдарының мониторингі барысында мемлекеттік қызметшілеріне қатысты 3сыни материал анықталып, 2 жариялым негізін таппады, 1 бойынша төмендегі шара қолданылды.
Анықтама үшін: 1) Ақбастау ауылдық округінің әкімі Н.Дузееваның телефон арқылы бейәдеп сөйлеу фактісі.
Корпоративтік ұжымдық мәдениетті нығайту мақсатында жаңадан қыбылданған 13мемлекеттік қызметшімен тиісті түсіндіру жұмыстары (қызметтік әдеп нормаларымен, мекеменің ішкі тәртібімен, ұжымдық мәдениетпен және т.б. таныстыру) жүргізілді.
Мемлекеттік органның оң имиджін және ұжымда жағымды ахуал қалыптастыруға елеулі үлес қосқаны үшін 14 мемлекеттік қызметші марапатталды.