2024 жылдың 1 мамырына Жамбыл ауданының коммуналдық меншігінде 36 мекеме тіркелген. Оның 34-і коммуналдық мемлекеттік мекемелер, 1-і коммуналдық қазыналық мемлекеттік кәсіпорыны және 1 квазимемлекеттік субъектіcі.
Бухгалтерлік есеп Қазақстан Республикасының Қаржы Министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу қағидасы» негізінде жүргізіледі.
Барлық мекемелердің есеп-қисаптарын жүргізу толық компьютерлендіріліп, бүгінгі таңға толығымен «1С Мекеме –Бюджеттік жоспарлау және қаржыландыру бағдарламасы» мен «1С бухгалтерлік есеп бағдарламасы» жүйесіне қосылған. Аудан бойынша шоғырландырылған тоқсандық, жылдық есептіліктер аталған бағдарламалар арқылы өңделіп, www.eminfin.gov.kz жүйесіне уақытылы енгізілуде.