2024 жылғы 05 мамырда өткен Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Өрнек ауылдық округі әкімін сайлау қорытындылары туралы ХАБАРЛАМА

2024 жылғы 05 мамырда өткен Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Өрнек ауылдық округі әкімін сайлау қорытындылары туралы

ХАБАРЛАМА

 

2024 жылғы 05 мамырда Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Өрнек ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.

Сайлаушылар тізіміне 1 499 азамат енгізілді. Дауыс беруге - 947 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша - 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 4 сайлаушы қатысты.

Кандидаттардың жалпы саны - 2.

Өрнек ауылдық округі әкімінің сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:

Өрнек ауылдық округі бойынша:

Ботаев Омирбек Ордабекович үшін сайлаушылардың 717 дауысы берілді,

Нускабеков Багдат Аскарович үшін сайлаушылардың 221 дауысы берілді.

 «Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны - 5.

Сайлау қорытындыларымен: Өрнек ауылдық округінің әкімі болып Ботаев Омирбек Ордабекович сайланды. 1986 жылы туған, Ю.Гагарин атындағы мектеп-лицейі директорының орынбасары, Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Аса ауылының тұрғыны.

 

Жамбыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
06 мая 2024