Әкімдік мәжілісі өтті

Аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлының төрағалығымен өткен әкімдік мәжілісінде көктемгі екі айлық санитарлық-тазалық, абаттандыру жұмыстарының қорытындысы қаралды.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша аудан әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Мақсат Үсенбаев баяндап, ауылдардағы тазалық жұмыстарының деңгейін айтып өтті.
Жиынға аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы Рүстем Бегалиев, аудандық мәслихат төрағасы Мұхтар Шайдаев және аудан активі қатысты.

Аудан басшысы тазалыққа салғырт қараған бірқатар ауылдық округ әкімінің жұмысын сынға алды.
– Аядай ауылдың тазалығын иегере алмау ауыл әкімдері үшін сын. Ауыл айнасы - тазалық. Зерделеу жұмыстарының нәтижесі сіздердің жұмыс істеу деңгейлеріңізді көрсетіп тұр. Алдағы уақытта мәслихат және Қоғамдық кеңес тарапынан ауылдардағы тазалықтың жайы бойынша шешім қабылдайтын боламыз, - деді аудан басшысы.

Жиында кәсіпкерлік саласы, мамыр айында өтетін іс шаралар жайы бойынша басшылар баяндамасы да тыңдалды

әкімдік мәжілісі
Дата публикации
03 мая 2024