Қоғамдағы және жастар арасындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында және түсіндірме жұмыстары, дөңгелек үстел, кездесулер, семинарлар жоспарға сәйкес орындалуда тұрғындар арасында үнқағаз парақтары таратылды.
Аудан орталығында, Ауылдық округке қарасты мекемелерде және ауыл тұрғындарына сыбайлас жемқорлыққа жол бермеуге және орын алған кемшіліктерді болдырмау мақсатында 300 дана үнпарақшалары таратылып, мекемелерге 60 дана брошюрка жадынамаларды ілінді.
Жастар арасында сыбайлас жемқорлықты насихаттау мақсатында “Сыбайлас жемқорлық-карикатура жанрында” тақырыбында сурет байқауы ұйымдастырылды.
Жастармен сыбайлас жемқорлық бойынша 26 -дөңгелке үстел және 16 –кездесу,мекеме қызметкерлерінен "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы" әлеуметтік сауалнама ұйымдастырылды.
Қоғамда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша түсіндірме, дөңгелек үстелдер, семинар тұрақты түрде жүргізлуде.
2022 жылы 2 ақпанда Қазақстан Республикасы Президентінің №802 Жарлығымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы және оны Іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары бекітілді.
Стратегиялық құжатты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет әзірледі және халықаралық стандарттарға, үкіметтік емес ұйымдардың, бизнес-қоғамдастықтың, мемлекеттік органдардың, ұйымдар мен азаматтардың ұсыныстарына негізделген.
Тұжырымдама сыбайлас жемқорлықтың салдарымен күрестен алғышарттарын жүйелі түрде жоюға және күшті сыбайлас жемқорлыққа қарсы мықты иммунитетті қалыптастыруға.
Іс-қимыл жоспарында мынадай міндеттерді шешуге бағытталған тұжырымдама ережелерін іске асыру жөніндегі іс-шаралардың нақты тізбесі көзделген:
1) сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру;
2) сыбайлас жемқорлық мүмкіндіктерін болдырмау;
3) жауапкершіліктің бұлтартпастығын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жетілдіру;
4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда азаматтық қоғамның рөлін күшейту;
5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды іске асырудың тиімді мониторингін қамтамасыз ету;
6) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның қызметін одан әрі жетілдіру болып табылады.
Іске асыру туралы есеп:
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына жатады.
Мемлекеттік жоспарлау саласындағы белгіленген талаптарға (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 қаулысы) сәйкес, Агенттік жыл сайын мамыр айында осы интернет-ресурста Тұжырымдаманың іске асырылуы туралы есепті орналастыратын болады.
Кері байланыс:
Тұжырымдаманың белгіленген мақсаттарына қол жеткізгісі келетін әр адам өз үлесін қоса алады.
Іс-қимыл жоспарының тармақтарын іске асыру бойынша Сіздердің ұсыныстарыңызға алғыс білдіреміз. Өз пікірлеріңізді және conсept2026@antikor.gov.kz. электронды мекенжайына жібере аласыздар.