Шағын және орта бизнес субьектілері 2024 жылдың 1-ші мамырынаауданда тіркелгені 9262 бірлік оның ішінде жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер саны 8528 бірлікті құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 120,0% артқан.
Анықтама:
-Жеке кәсіпкерлер – 4511 субъект;
-Шаруа қожалықтар – 3672 субъект;
-Заңды тұлғалар – 343 субъект.
Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінде жұмыспен қамтылған адамдар саны 2024 жылы 7935 адамнан құрады.
Аудан кәсіпкерлерін мемлекеттік қолдау шараларына кеңінен тарту мақсатында, «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қорымен, екінші деңгейдегі банк филиалдарымен, Жамбыл облысы кәсіпкерлер Палатасымен, «Бейбітшілік және келісім» жобасы аясында тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, аудандық «Шұғыла Радуга» газетінің беттеріне кәсіпкерлікті қолдау бағытында бағдарламаның шарттары туралы ақпараттар жариялануда.
Кәсіпкерлікті дамыту бағытында ауданда мемлекеттік бағдарламалар аясында аудан тұрғындары мен кәсіпкерлеріне қаржы институттары мен екінші деңгейлі банктер арқылы жеңілдетілген пайыздық мөлшерлемемен несиелер берілуде.
«2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттықжоба» бағдарламасы аясында Жамбыл ауданында 2024 жылы 11 жоба жалпы сомасы470,0 млн.теңгеге қаржыландырылды.
Анықтама:
«Пайыздық ставкаларды субсидиялау» шартымен11 жоба құны –470,0 млн.теңге.
Бағдарламаның жетіспейтін «Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылым жүргізу» құралы бойынша аймақтық үйлестіру кеңесіне 277,3 млн.теңгеге 2 жоба ұсынылды. Олар: