Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу (тіркеуден алу), өзгерiстер мен толықтыруларды (оның iшiнде, меншiк құқығының басқа адамға ауысуы, талап ету құқығын басқаға беру, кейіннен кепілге (қайталама кепілге) салу) тіркеу және тіркелген кепілдің қолданысын тоқтату, сондай-ақ кепілді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті немесе телнұсқаны беру
Қызметті ұсынатын орган:
«Жамбыл ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» КММ
Қызметті алу үшін еgov.kz. электрондық үкімет порталы арқылы онлайн түрде және Жамбыл ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі кеңсесі арқылы қол ма қол қағаз түрінде өтініш білдіруге болады.
Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасы Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі-жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
2) Мемлекеттік корпорацияның – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа белгіленген жұмыс графигіне сәйкес дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда үзіліссіз сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, Мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсететін кезекші бөлімдері дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күндері сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін. Құжаттарды қабылдау жеделдетіп қызмет көрсетусіз «электрондық кезек» тәртібімен жүзеге асырылады, электрондық кезекті портал арқылы брондауға жол беріледі;
3) порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Кодекске сәйкес демалыс жәнемейрам күндері жүгінгенде жолданымдарды қабылдау және мемлекеттік қызметтің нәтижелерін беру келісі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Қызметті алушылар:
Заңды тұлға
Жеке тұлға
Жеке кәсіпкерлер
Қызмет құны:
Мемлекеттік қызмет ақылы негізде көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушы алым төлейді, ол «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Салық кодексі) 553-бабына сәйкес:
1) жеке тұлғалардан – 1 айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі – АЕК));
2) заңды тұлғалардан – 5 АЕК-ні;
3) кепілдің тіркелгенін куәландыратын құжаттың телнұсқасын беру үшін – 0,5 АЕК-ні құрайды.
Тіркеу алымын төлеу қолма-қол және қолма-қол ақшасыз нысында екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы, сондай-ақ қолма-қол ақшасыз нысында «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылады.
Қызмет көрсету мерзімі:
2 жұмыс күні
Өтінішті жолдау үшін келесі құжаттар талап етіледі
1) көрсетілетін қызметті берушіге және/немесе Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде: нысан бойынша өтініш; көрсетілетін қызметті алушының не өкілдің жеке басын куәландыратын құжат, сондай-ақ өкілдің өкілеттігін растайтын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (бірдейлендіру үшін); Салық кодексіне сәйкес кепілді тіркеу үшін бюджетке алым төленгенін растайтын құжат;
2) порталға жүгінген кезде: көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған, электрондық құжат нысанындағы өтініш; кепілді тіркеу үшін бюджетке Салық кодексіне сәйкес алым төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі ЭҮТШ арқылы төленген жағдайды қоспағанда). Жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы мәліметтерді, сондай-ақ ЭҮТШ арқылы төлеген жағдайда, кепілді тіркеу үшін бюджетке алым төленгені туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады. Ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды көрсетілетін қызметті алушылардан талап етуге жол берілмейді.
Жеке тұлғалар үшін

2) порталға жүгінген кезде: көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған, электрондық құжат нысанындағы өтініш; кепілді тіркеу үшін бюджетке Салық кодексіне сәйкес алым төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі ЭҮТШ арқылы төленген жағдайды қоспағанда). Жеке басын куәландыратын құжат туралы, сондай-ақ ЭҮТШ арқылы төлеген жағдайда, кепілді тіркеу үшін бюджетке алым төленгені туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады. Ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды көрсетілетін қызметті алушылардан талап етуге жол берілмейді.
Жеке кәсіпкерлер үшін:
1) көрсетілетін қызметті берушіге және/немесе Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде: нысан бойынша өтініш; көрсетілетін қызметті алушының не өкілдің жеке басын куәландыратын құжат, сондай-ақ өкілдің өкілеттігін растайтын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (бірдейлендіру үшін); Салық кодексіне сәйкес кепілді тіркеу үшін бюджетке алым төленгенін растайтын құжат;
2) порталға жүгінген кезде: көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған, электрондық құжат нысанындағы өтініш; кепілді тіркеу үшін бюджетке Салық кодексіне сәйкес алым төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі ЭҮТШ арқылы төленген жағдайды қоспағанда). Жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы мәліметтерді, сондай-ақ ЭҮТШ арқылы төлеген жағдайда, кепілді тіркеу үшін бюджетке алым төленгені туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады. Ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды көрсетілетін қызметті алушылардан талап етуге жол берілмейді.
Толығырақ: https://adilet.zan.kz/rus/docs/V1500011708#z1 сайтынан сілтемегі өтіп ақпарат алуға болады