Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру мемлекеттік қызметі
Қызметтің кіші түрлері
А, В санаттары үшін тракторларды және олардың базасында жасалған шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналар мен механизмдерді, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды басқару құқығына куәліктер беру
Б санаттары үшін тракторларды және олардың базасында жасалған шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналар мен механизмдерді, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды басқару құқығына куәліктер беру
Д санаттары үшін тракторларды және олардың базасында жасалған шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналар мен механизмдерді, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды басқару құқығына куәлік беру
Г санаты үшін тракторларды және олардың базасында жасалған шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналар мен механизмдерді, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды басқару құқығына куәліктер беру
Қызметті ұсынатын орган:
«Жамбыл ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» КММ
Қызметті алу үшін өтініш беру жүзеге асады:
Қызметті алу үшін Еlicense.kz ақпараттық жүйесі арқылы онлайн түрде және Жамбыл ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі кеңсесі арқылы қол ма қол түрде өтініш білдіруге болады.
Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасы Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі-жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
2) Мемлекеттік корпорацияның – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа белгіленген жұмыс графигіне сәйкес дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда үзіліссіз сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, Мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсететін кезекші бөлімдері дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күндері сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін. Құжаттарды қабылдау жеделдетіп қызмет көрсетусіз «электрондық кезек» тәртібімен жүзеге асырылады, электрондық кезекті портал арқылы брондауға жол беріледі;
3) порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Кодекске сәйкес демалыс жәнемейрам күндері жүгінгенде жолданымдарды қабылдау және мемлекеттік қызметтің нәтижелерін беру келісі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Қызметті алушылар:
Жеке тұлға
Қызмет құны:
Мемлекеттік қызмет ақылы негізде көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушы алым төлейді, ол «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Салық кодексі) 553-бабына сәйкес:
0,5 айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі – АЕК) (1846 тг);
Мемлекеттік төлемді төлеу қолма-қол және қолма-қол ақшасыз нысында екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы, сондай-ақ қолма-қол ақшасыз нысында «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылады.
Қызмет көрсету мерзімі:
2 жұмыс күні
Өтінішті жолдау үшін келесі құжаттар талап етіледі
Жеке тұлғалар үшін
Толығырақ: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1500011711#z8 сайтынан сілтемегі өтіп ақпарат алуға болады.