Мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу),  тіркеу есебінен алу және олар үшін тіркеу құжатын  (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгі беру  мемлекеттік қызметі

Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу),  тіркеу есебінен алу және олар үшін тіркеу құжатын  (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгі беру  мемлекеттік қызметі

 

            Қызметті ұсынатын орган:

            «Жамбыл ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» КММ

 

Қызметті алу үшін өтініш беру жүзеге асады:

Қызметті алу үшін Еlicense.kz ақпараттық жүйесі арқылы онлайн түрде және Жамбыл ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі кеңсесі арқылы қол ма қол қағаз түрінде өтініш білдіруге болады.

 

Жұмыс  кестесі:

1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасы Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі-жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;

2) Мемлекеттік корпорацияның – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа белгіленген жұмыс графигіне сәйкес дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда үзіліссіз сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, Мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсететін кезекші бөлімдері дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күндері сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін. Құжаттарды қабылдау жеделдетіп қызмет көрсетусіз «электрондық кезек» тәртібімен жүзеге асырылады, электрондық кезекті портал арқылы брондауға жол беріледі;

3) порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Кодекске сәйкес демалыс жәнемейрам күндері жүгінгенде жолданымдарды қабылдау және мемлекеттік қызметтің нәтижелерін беру келісі жұмыс күні жүзеге асырылады.

 

            Қызметті алушылар:

            Заңды тұлға;

            Жеке тұлға;

            Жеке кәсіпкерлер.

           

            Қызмет құны:

            Мемлекеттік қызмет ақылы негізде көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушы алым төлейді, ол «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Салық кодексі) 553-бабына сәйкес:

            Машинаға тіркеу құжатын беру үшін – 0,5 АЕК;

            Тіркеу (қайта тіркеу) үшін – 0,25 АЕК;

            Машинаға нөмірлік белгі беру үшін – 1 АЕК;

Мемлекеттік төлемді төлеу қолма-қол және қолма-қол ақшасыз нысында екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы, сондай-ақ қолма-қол ақшасыз нысында «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылады.

            Төлемдер сомасы төлеуге талап етілетін соманың 10%-нан аспауы тиіс (1000 теңгеге дейінгі сомалар үшін, рұқсат етілген артық төлем 100 теңге)

 

            Қызмет көрсету мерзімі:

            Онлайн түрде өтініш берген жағдайда 1 жұмыс күні ішінде;

Қызмет көрсететін орган кеңсесі арқылы қолма-қол өтініш берген жағдайда
2 жұмыс күні ішінде;

 

Өтінішті жолдау үшін келесі құжаттар талап етіледі:

 

            Заңды тұлғалар үшін:

  1. Жаңа және жеке техникалық шығармашылық нәтижесі болып табылатын немесе Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген машиналарға арналған Қазақстан Республикасының сәйкестік сертификаты немесе олардың техникалық регламенттің 6-бабына сәйкестігін растайтын басқа да құжат (міндетті емес, біліктілік талапта)
  2. Тізбеге енгізілген машиналарды бастапқы тіркеу кезінде өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерді орындағанын растайтын электрондық құжаттар (міндетті емес, біліктілік талапта)
  3. Машинаға меншік құқығын растайтын құжаттар, оларға мыналар жатады: азаматтық заңнама талаптарына сәйкес жасалған шарттар, мәмілелер, куәліктер, мүлікті мұраға алу құқығы туралы құжаттар; сот куәландырған сот шешімінің, қаулысының, сот орындаушысының орындалуға жататын мемлекеттік органның іс-қимылдары туралы хабарламасының көшірмесі қоса берілген атқару парағы; кедендік ресімдеуден өткенін растайтын құжаттар (ЕАЭО елдерінен әкелу жағдайларын қоспағанда, кедендік декларация, кедендік кіріс ордері, уақытша әкелу жағдайларында кері әкету туралы міндеттеме) (міндетті емес, біліктілік талапта)
  4. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған, электрондық құжат нысанындағы өтiнiш (электронды түрде жасалады) (міндетті түрде)(Мәліметтер нысаны)
  5. «Электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін төлемді растайтын мәліметтер (міндетті түрде)(Мәліметтер нысаны) (мемлекеттік төлем түбіртегі.)

 

            Жеке тұлғалар үшін

  1. Жаңа және жеке техникалық шығармашылық нәтижесі болып табылатын немесе Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген машиналарға арналған Қазақстан Республикасының сәйкестік сертификаты немесе олардың техникалық регламенттің 6-бабына сәйкестігін растайтын басқа да құжат (міндетті емес, біліктілік талапта)
  2. Тізбеге енгізілген машиналарды бастапқы тіркеу кезінде өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерді орындағанын растайтын электрондық құжаттар (міндетті емес, біліктілік талапта)
  3. Машинаға меншік құқығын растайтын құжаттар, оларға мыналар жатады: азаматтық заңнама талаптарына сәйкес жасалған шарттар, мәмілелер, куәліктер, мүлікті мұраға алу құқығы туралы құжаттар; сот куәландырған сот шешімінің, қаулысының, сот орындаушысының орындалуға жататын мемлекеттік органның іс-қимылдары туралы хабарламасының көшірмесі қоса берілген атқару парағы; кедендік ресімдеуден өткенін растайтын құжаттар (ЕАЭО елдерінен әкелу жағдайларын қоспағанда, кедендік декларация, кедендік кіріс ордері, уақытша әкелу жағдайларында кері әкету туралы міндеттеме) (міндетті емес, біліктілік талапта)
  4. Көрсетілетін қызметті алушының онлайн өтініш берген жағдайда ЭЦҚ-сымен куәландырылған, электрондық құжат нысанындағы өтiнiш (электронды түрде жасалады) (міндетті түрде)(Мәліметтер нысаны) немесе қызмет көрсететін орган кеңсесі арқылы қолма-қол өтініш.

«Электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін төлемді растайтын мәліметтер (міндетті түрде)(Мәліметтер нысаны) (мемлекеттік төлем түбіртегі)

 

            Жеке кәсіпкерлер үшін:

  1. Жаңа және жеке техникалық шығармашылық нәтижесі болып табылатын немесе Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген машиналарға арналған Қазақстан Республикасының сәйкестік сертификаты немесе олардың техникалық регламенттің
    6-бабына сәйкестігін растайтын басқа да құжат (міндетті емес, біліктілік талапта)
  2. Тізбеге енгізілген машиналарды бастапқы тіркеу кезінде өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерді орындағанын растайтын электрондық құжаттар (міндетті емес, біліктілік талапта)
  3. Машинаға меншік құқығын растайтын құжаттар, оларға мыналар жатады: азаматтық заңнама талаптарына сәйкес жасалған шарттар, мәмілелер, куәліктер, мүлікті мұраға алу құқығы туралы құжаттар; сот куәландырған сот шешімінің, қаулысының, сот орындаушысының орындалуға жататын мемлекеттік органның іс-қимылдары туралы хабарламасының көшірмесі қоса берілген атқару парағы; кедендік ресімдеуден өткенін растайтын құжаттар (ЕАЭО елдерінен әкелу жағдайларын қоспағанда, кедендік декларация, кедендік кіріс ордері, уақытша әкелу жағдайларында кері әкету туралы міндеттеме) (міндетті емес, біліктілік талапта)
  4. Көрсетілетін қызметті алушының онлайн өтініш берген жағдайда ЭЦҚ-сымен куәландырылған, электрондық құжат нысанындағы өтiнiш (электронды түрде жасалады) (міндетті түрде)(Мәліметтер нысаны) немесе қызмет көрсететін орган кеңсесі арқылы
    өтініш берген жағдайда қолма-қол өтініш.
  5. «Электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін төлемді растайтын мәліметтер (міндетті түрде)(Мәліметтер нысаны) (мемлекеттік төлем түбіртегі)

 

Толығырақ: https://adilet.zan.kz/rus/docs/V1500011702#z4 сайтынан сілтемегі өтіп ақпарат алуға болады.

 

Дата публикации
19 апреля 2024