Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу мемлекеттік қызметі
Қызметті ұсынатын орган:
«Жамбыл ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» КММ
Қызметті алу үшін Еlicense.kz ақпараттық жүйесі арқылы онлайн түрде және Жамбыл ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі кеңсесі арқылы қол ма қол қағаз түрінде өтініш білдіруге болады.
Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасы Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі-жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
2) Мемлекеттік корпорацияның – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа белгіленген жұмыс графигіне сәйкес дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда үзіліссіз сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, Мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсететін кезекші бөлімдері дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күндері сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін. Құжаттарды қабылдау жеделдетіп қызмет көрсетусіз «электрондық кезек» тәртібімен жүзеге асырылады, электрондық кезекті портал арқылы брондауға жол беріледі;
3) порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Кодекске сәйкес демалыс жәнемейрам күндері жүгінгенде жолданымдарды қабылдау және мемлекеттік қызметтің нәтижелерін беру келісі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Қызметті алушылар:
Заңды тұлға
Жеке тұлға
Жеке кәсіпкерлер
Қызмет құны:
Тегін беріледі.
Қызмет көрсету мерзімі:
Машиналардың орналасқан жері бойынша - 10 жұмыс күні ішінде;
Машиналарды тіркеу пунктіне ұсынған жағдайда - 2 жұмыс күні ішінде;
Өтінішті жолдау үшін келесі құжаттар талап етіледі
Жеке тұлғалар үшін
Жеке кәсіпкерлер үшін:
Толығырақ: https://adilet.zan.kz/rus/docs/V1500011710#z31 сайтынан сілтемегі өтіп ақпарат алуға болады.