План мероприятий по реализации предложений акима района, озвученных в ходе встреч с населением

Аудан әкімінің тұрғындармен кездесулері барысында айтылған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары

(2024 жылдың 1 сәуіріне)

 

№

Ауылдық округ атауы

Тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелер

Орындалуы

Өрнек ауылдық округі

1.

Өрнек ауылдық округі

Өрнек ауылындағы көшелерді жарықтандыру

Көшелерді жарықтандыруға аудандық бюджеттен 155,8 млн теңге бөлініп, мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Орындалу үстінде.

Ерназар ауылдық округі

1.

Ерназар ауылдық округі

Егістікке ағынсу жеткізу жұмыстарын қолға алу

Ерназар ауылдық округіне қарасты «Сұлукөл» көліне 4 млн текше метр су жинау жұмыстары жүргізілуде. Жиналған су мөлшері шаруалар игілігіне беріледі. Қазіргі таңда 2,5 млн куб су жиналған. Су жинау суару кезеңіне дейін жалғасады. Орындалу үстінде.

Тоғызтарау ауылдық округі

1.

Тоғызтарау ауылдық округі

Егістік жерлерге құдық қазу жұмыстарына қолдау көрсету

Егістік жерлері бар азаматтарға құдық қазу бойынша аудан әкімінің орынбасары түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Қазіргі таңда құдық қазуға қызығушылық танытқан шаруалар құжаттарын әзірлеуде. Орындалу үстінде.

Қаракемер ауылдық округі

1.

Қаракемер ауылдық округі

Құмтиын ауылы Әбден Батырұлы көшесіне трансформатор орнату

Құмтиын ауылы Әбден Батырұлы көшесіне трансформатор орнатуға ауылдық округ әкімінің аппараты тарапынан конкурс берілді.  Орындалу үстінде.

2.

Қаракемер ауылдық округі

Қаракемер ауылы маңындағы тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдеу орнын ретке келтіру

Қаракемер ауылы маңында орналасқан тұрмыстық қатты қалдықтарды қабылдайтын полигон 2014 жылы пайдалануға берілген.  Полигон заңды тұлға ретінде Жамбыл ауданы бойынша әділет басқармасында 2016 жылдың 2 қарашасында тіркеліп, желтоқсан айында жұмысын бастады. Полигон Каракемер ауылының солтүстігінен 2,5 км жерде орналасқан. Жер аумағы – 5 гектар. Жобалық қуаты – 155931 м3. Мемлекеттік тіркеу актісі және қоршаған ортадағы эмиссияларға рұқсаты бар.

Күл-қоқыстар полигон аумағындағы қоршаудың биіктігі төмен болғандықтан, полигон айналасындағы жайылым жерді ластаған. Осыған орай 2022 жылы аудандық бюджеттен 10754,0 мың теңге қарастырылып, полигонның жартысын мемлекеттік сатып алу конкурсы нәтижесінде «AGES ALMATY» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 8400000 теңгеге жеңіп алып, 3 метр биіктікпен қоршау жұмыстарын жүргізген. Ағымдағы жылы аудандық бюджеттен 9165468 теңге қаржы қаралып, мемлекеттік сатып алу конкурсы нәтижесінде «Град Construction» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жеңімпаз атанып, 5357142 теңгеге келісімшарт жасалынды. Қоршау жұмыстары бүгінгі күнге толығымен аяқталды. Орындалды.

3.

Қаракемер ауылдық округі

Қаракемер ауылындағы қалған көшелерді асфальттау

Қаракемер ауылындағы қалған көшелерді асфальттау үшін ауылдық округ әкімі аппараты тарапынан конкурс берілді. Орындалу үстінде.

Аса ауылдық округі

1.

Аса ауылдық округі

Аса ауылындағы №1 орта мектебі мен  С.Сейфуллин көшесін жалғап жатқан жаяу жүргіншілер жолын жөндеу

Алдағы уақытта жаяу жүргіншілер жолына шағал төселетін болады. Орындалу үстінде.

2.

Аса ауылдық округі

Аса ауылының айналма және Шаңқай массивіне кірер Қайнар көшесінің жолын жөндеу

Жалпы құны 28434,0 мың теңгеге ұзындығы 0,750 шақырымды құрайтын Аса ауылына оңтүстіктен кіреберіс аудандық маңызы бар автомобиль жолын орташа жөндеуден өткізуге облыстық және аудандық бюджеттен 50/50 паритет негізінде қаржыландырылды. Қазіргі таңда жөндеу жұмыстарын жүргізетін мердігерді анықтау үшін мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланды. Жөндеу жұмыстары маусым айында жүргізіледі. Орындалу үстінде.

Ақбастау ауылдық округі

1.

Ақбастау ауылдық округі

Шоқай ауылына мал дәрілейтін алаңша салу

Ақбастау ауылдық округі әкімі аппараты тарапынан Шоқай ауылына ауыл шаруашылығы жануарларына профилактикалық егу шараларын өткізу үшін өткелек (раскол) соғу үшін көлемі 0,3000 гектар жер учаскесіне тұрақты жер пайдалану құқығын беруге жерге орналастыру жобасын дайындауға келісілген. Жамбыл аудандық жер комиссиясының 2023 жылғы 28 сәуірдегі №1183 қорытындысы алынды. Әкімдік тарапынан аталған жер теліміне жерге орналастыру жобасын дайындау үшін жұмсалатын қаражат көлемін анықтау бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Жамбыл аудандық филиалына 2023 жылдың 17 мамырында №255 шығыс хат жазылып, қаражат көлемі анықталды. Қазіргі уақытта 8 млн 907 мың теңге қаражат қаралып, конкурсқа берілді. Орындалу үстінде.

2.

Ақбастау ауылдық округі

Шоқай ауылындағы шағын футбол алаңына жасанды төсеніш төсеу

Шоқай ауылындағы шағын футбол алаңының ағымды жөндеу жұмыстарына 9 млн 50 мың теңге қаражат қаралып,  конкурсқа берілді. Орындалу үстінде.

3.

Ақбастау ауылдық округі

Шоқай ауылындағы Жалпанова, Бірлесу-Еңбек ауылындағы Жапарбеков, Есімов, Абай көшелерінің бұрылыстарына асфальт төсеу

Шоқай ауылындағы Жалпанова (0,375 м), Бірлесу-Еңбек ауылындағы Жапарбеков (0,24 м), Есімов (0,184 м), Абай (0,193 м), Жапарбеков көшелерінің бұрылыстарына (0,194 м), яғни, ұзындығы 1 шақырым 197 метр жолды орташа жөндеуге 41 млн 368 мың теңге қаражат қаралып, конкурсқа берілді. Орындалу үстінде.

4.

Ақбастау ауылдық округі

Бірлесу-Еңбек ауылындағы Жапарбеков көшесінің екінші жартысына, Бірлесу-Еңбек орта мектебіне, ауызсу мұнарасына баратын жолдардағы электр желілерін жөндеу

Бірлесу-Еңбек орта мектебіне, ауызсу мұнарасына баратын жолдардағы электр желілерін  жөндеуге  3 млн 639 мың теңгеге жобалық-сметалық құжаттары жасалынып, аудандық бюджеттің екінші нақтылауына ұсынылды. Орындалу үстінде.

Көлқайнар ауылдық округі

1.

Көлқайнар ауылдық округі

Аса-Тастөбе автомобиль жолын жөндеу

Аса-Тастөбе автомобиль жолын жөндеуге 2024 жылға қаржы қарастырылған. Орындалу үстінде.

Қарасу ауылдық округі

1.

Қарасу ауылдық округі

Ащыбұлақ ауылына спорт кешенін салу

Жамбыл ауданының 2023-2027 жылдарға арналған даму жоспарында кезең-кезеңімен елді мекендерде дене шынықтыру спорт кешендерін салу жоспарланған. Ащыбұлақ ауылына даму жоспарына сәйкес 2026 жылы спорт кешенін соғу  жоспарлануда. Орындалу үстінде.

2.

Қарасу ауылдық округі

Ащыбұлақ ауылындағы Қ.Сартбаев атындағы орта мектептің, «Жауқазын» бөбекжайының қазандықтарын газға ауыстыру

Ащыбұлақ ауылындағы Қ.Сартбаев атындағы орта мектептің, «Жауқазын» бөбекжайының қазандықтарын газға ауыстыруға облыстық бюджеттен қаржы қарастырылмады. Алдағы уақытта жылу қазандықтарын газға ауыстыру бойынша облыс әкімдігінің энергетика басқармасына ұсыныс беріледі. Орындалу үстінде.

 

Дата публикации
02 апреля 2024