Жамбыл аудандық сайлау комиссиясының шешімі
№11
27.03.2024 ж.
ЖАМБЫЛ АУДАНДЫҚ САЙЛАУ
КОМИССИЯСЫНЫҢ ШЕШІМІ
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-1-бабына сәйкес Жамбыл аудандық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ЕТТІ:
- Жамбыл ауданының Өрнек ауылдық округі әкімінің сайлауы 2024 жылғы 05 мамырға тағайындалсын;
- 2024 жылғы 05 мамырға тағайындалған Жамбыл ауданының Өрнек ауылдық округі әкімінің сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін;
- Осы шешім Жамбыл аудандық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық «Шұғыла-Радуга» газетінде жариялансын.
Комиссия төрағасы С. Дадабаев
Комиссия хатшысы О. Затыбеков