Жамбыл ауданының Өрнек ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша сайлау округін құру туралы

Жамбыл аудандық сайлау комиссиясының шешімі

№10

27.03.2024 ж.

 

 

 

 

Жамбыл ауданының Өрнек ауылдық округі әкімінің

сайлауы бойынша сайлау округін құру туралы

 

 

         «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына сәйкес Жамбыл аудандық сайлау комиссиясы           ШЕШІМ ЕТТІ:

  1. Жамбыл ауданының Өрнек ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша Өрнек ауылдық округінің шекарасында Өрнек сайлау округі құрылсын;
  2. Сайлау округінің тізімі, олардың шекаралары мен аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері көрсетіле отырып, Жамбыл аудандық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық «Шұғыла-Радуга» газетінде жариялансын.

 

 

Комиссия төрағасы                                                        С. Дадабаев

 

 

Комиссия хатшысы                                                       О. Затыбеков

Дата публикации
27 марта 2024